05.10.2018, 15:27 5696

Қызылордада ата-аналар мен балалар "Робосумо" сайысы бойынша сынға түсті

Чемпионатқа аудандар мен қаладан барлығы он команда қатысты. Сайысқа арнайы робототехника үйірмесінде құрастырған роботтарын "баптап" әкелген балақайлардыӊ ынтасы ерекше болды.

Қызылорда. 5 қазан. Kazakhstan Today - Қызылордада алғаш рет "Ата-анам, мен және робот" атты облыстық отбасылық-танымдық чемпионат болып өтті.

Чемпионатқа аудандар мен қаладан барлығы он команда қатысты. Сайысқа арнайы робототехника үйірмесінде құрастырған роботтарын "баптап" әкелген балақайлардыӊ ынтасы ерекше болды.

Иуелі төрешілер балалардыӊ роботтарын арнайы талаптарға сай көлемі мен салмағын, бағдарламасын тексеруден өткізді. Қатысушылардыӊ еӊ кішісі жеті жаста болғанымен жарыс тартысты, әрі қызықты өтті. Олар үш кезеӊнен тұратын "Робосумо" сайысы бойынша сынға түсті.

Шараныӊ басты ерекшелігі бастауыш сынып оқушылармен қатар ата-аналар да қатысты. Бұл отбасындағы өзара қарым-қатынастыӊ нығаюына ерекше әсер етері анық.

Сайыс нәтижесінде Жалағаш ауданынан келген Асылбек Бекмолдаев бірінші орынды иеленсе, Қуаныш Нұрәлі пен Инуар Айберген екінші орынды өзара бөлісті. Ал үшінші орынға Ерболатқызы Гүлзинат, Ахметов Жарқынбек пен Адырбай Илихан лайық деп танылды.

Чемпионат соӊында қатысушылардыӊ барлығына арнайы сертификаттар мен ата-аналарға алғыс хаттар табыс етілді. Ал жеӊімпаздар дипломдармен және жеӊімпаздар медальімен марапатталды.

Айта кетейік, чемпионаттыӊ өтуіне "Казроботикс" білім беру және спорттық робототехникасыныӊ Қазақстан Федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігі, "Smart Generation" робототехника мектебі мен облыстық "Рухани жаӊғыру" орталығы және облыстық білім басқармасы ұйытқы болды.

Мемлекет басшысы өзініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында былай деген:

"Қазіргі таӊда жеке адам ғана емес, тұтас халықтыӊ өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.

Бәсекелік қабілет дегеніміз - ұлттыӊ аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еӊбек ресурстары болуы мүмкін.

Болашақта ұлттыӊ табысты болуы оныӊ табиғи байлығымен емес, адамдарыныӊ бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімніӊ алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардыӊ сана-тында.

Сол себепті, "Цифрлы Қазақстан", "Үш тілде білім беру", "Мәдени және конфессияаралық келісім" сияқты бағдарламалар - ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдыӊ талаптарына даярлаудыӊ қамы".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны