08.08.2017, 19:57 4546

Қызылордада автоалаяқ ұсталды

Алаяқтыӊ арбауына түскен қала тұрғыны ішкі істер органдарына шағымданып, 1982 жылы туған азамат ұсталып, ҚІІБ-ге жеткізілді. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексініӊ 190-бабыныӊ 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталған азаматтыӊ басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Қызылорда. 8 тамыз. Kazakhstan Today - Қызылордалық полицейлер автокөлікті алып-сатумен байланысты алаяқтыққа қатысы бар азаматтардыӊ қылмысын әшкереледі.

Ағымдағы жылдыӊ наурыз айында Қызылорда қаласыныӊ тұрғыны хабарландыру сайттары арқылы "Audi - A6" маркалы автокөлігі сатылымға қойылғандығын көреді.

Автокөлік иесімен кездесіп, екеуіне де қолайлы боларлық бағаға уағдаласып, сұраған 1 млн. 630 мыӊ теӊгесін қолына ұстатады. Алайда көлік иесі түрлі сылтаулар айтып, көлікті сатып алушыныӊ меншігіне заӊды түрде ресімдеп беруден қашқақтап жүреді. Біраз уақыт өткеннен кейін көлік басқа біреуге сатылып кеткендігі белгілі болды.

Алаяқтыӊ арбауына түскен қала тұрғыны ішкі істер органдарына шағымданып, 1982 жылы туған азамат ұсталып, ҚІІБ-ге жеткізілді. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексініӊ 190-бабыныӊ 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталған азаматтыӊ басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Дәл осы тектес алаяқтық фактісі 22 шілдеде тіркеледі. Бұл жағдайда қаӊтар айында 1991 жылы туған азамат "арзан бағаға кепілде тұрған "Toyota Camry - 40" маркалы автокөлігін сатып алып беремін" деп сендіріп, жәбірленушініӊ 1 560 000 теӊге ақшасын алған. Алайда берген уәдесін орындамай, ақшасын заӊсыз иемденген. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексініӊ 190-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, 26 жастағы қала тұрғыны ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.

Осыған орай, қызылордалық тәртіп сақшылары ірі сомада келісімшарт жасамас бұрын немесе жылжымайтын мүлік сатып алар алдында, барлық құжаттарыныӊ дұрыстығына мұқият көз жеткізіп, сақтық шараларына баса көӊіл бөлулерін сұрайды,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны