28.10.2018, 13:35 4048

Қызылордада "Автобус" іс-шарасы барысында 433 құқық бұзушылық анықталды

Іс-шара барысында жоспардан тыс және жоспарланған тексеру жұмыстарын жүргізу үшін көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу, оныӊ ішінде тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару, сондай-ақ рейс алдындағы техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлік құралдарын пайдалануға шығарып, белгіленген жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарыныӊ бұзылуына жол берілген деректер анықталды.

Қызылорда. 28 қазан. Kazakhstan Today - Жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктер арасында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мен қоғамдық көліктердіӊ қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында ағымдағы жылдыӊ қазан айыныӊ 18-20 күндері аралығында облыс аумағында Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі, Икімшілік полиция басқармасы, Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы мен мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, "Автобус" профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында жоспардан тыс және жоспарланған тексеру жұмыстарын жүргізу үшін көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу, оныӊ ішінде тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару, сондай-ақ рейс алдындағы техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлік құралдарын пайдалануға шығарып, белгіленген жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарыныӊ бұзылуына жол берілген деректер анықталды.

Іс-шараныӊ барысында автобус жүргізушілерімен барлығы 433 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оныӊ ішінде, жолаушылар тасымалдау қағидаларын бұзудыӊ 22 дерегі, заӊсыз қайта жабдықтаудыӊ /590,7-бап/ - 10, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген /590,9 бап/ - 38, ұялы телефонмен сөйлесудіӊ /591,1 бап/ - 66, белгіленген жылдамдық мөлшерін арттырудыӊ /592 бап/ - 22, сақтандыру полисі болмағандардыӊ /612,1 бабы/ - 20 деректері анықталып, тиісті әкімгершілік хаттамалар толтырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны