18.04.2008, 19:23 3108

Қызылордада "Бәйтерек" ҒЗК қоршаған ортаға тигізетін әсері жөніндегі қоғамдық тыңдау өтті

Қызылордада "Бәйтерек" ҒЗК қоршаған ортаға тигізетін әсері жөніндегі қоғамдық тыңдау өтті

Қызылорда. 18-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Кеше Қызылордада Қазақстан Респуликасының Экологиялық кодексіне сәйкес "Байқоңыр ғарыш айлағында экологиялық қауіпсіз ауыр класты зымырван тасығышты "Бәйтерек" зымыран-ғарыштық кешенінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау" атты қоғамдық тыңдау өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Кездесуге кешенді әзірлеуші - "Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық, ғылыми-өндірістік орталығы" Федералдық Мемлекеттік унитарлық кәсіпорынының өкілдері, кешенге тапсырыс беруші - "Қазақстан мен Ресейдің "Бәйтерек" атты біріккен кәсіпорны" АҚ, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің, жергілікті табиғатты қорғау ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен мәслихат депутаттары келді.

Ғарыш айлағының аумағында зымыран тасығыштарын ұшырудың, әсіресе бөлінген бөліктер құлайтын аудандарға әсер ету деңгейін төмендету - Қазақстанның бұрыннан келе жатқан проблемасы. 2004 жылы ҚР мен РФ президенттері "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыраны кешенін құру туралы келісім шарт жасағаны белгілі. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл бағдарлама бұрынғы Кеңес Одағының кеңістігіндегі ең ауқымды халықаралық ғарыш жобасы болып табылады.

"Бәйтерек" ғарыш зымыраны кешені базасында жаңа "Ангара" зымыран тасығышы құрылуда, мұның Қазақстанда сәтсіз ұшырылымдарымен белгілі болған "Протоннан" айырмашылығы экологиялық таза отын (керосин, оттегі) пайдаланады, бұл экологиялық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді",- деп атап көрсетті тыңдауда Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің тұрақты даму және экологиялық бағдарламалар басқармасының бастығы Төлебай Иділов.

"Бәйтерек" жобасын жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан өзінің ұлттық аэроғарыштық өнеркәсібін құру үшін және ғарыштық бағдарламаларын жүзеге асырудың, сонымен қатар дүниежүзілік ғарыш державаларының құрамына кіру мүмкіндігін алады",- деп атап көрсетті "Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық, ғылыми-өндірістік орталығы" Федералдық Мемлекеттік унитарлық кәсіпорының бас директорының орынбасары Олег Роскин.

"Бәйтерек" ғарыш зымыраны кешенін одан әрі дамыту - бұл "Байқал" универсалды зымыран модулін құру есебінен көпреттік бірінші және екінші сатыға өту" - деп атап өтті тыңдауға қатысушылар. Кездесуге қатысушылар алғашқы Қазақстандық ғарыш зымыраны кешенін құру барысының тек мамандар үшін ғана емес, Қазақстан халқы үшінде ашық болатындығы туралы келісті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны