28.09.2018, 15:38 6960

Қызылордада балабақшаларда электронды жүйе енгізілді

Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алу мақсатында ата-анамен білім бөлімдері арасында тікелей байланысты азайтып, ата-аналарға үйінде отырып электронды түрде өтініш жасауға мүмкіндіктер туғызды. Жыл соӊына дейін аудандарды да осы бағытқа көшіру мақсатында жұмыстар жүргізілуде" - дейді М.Мелдебекова.

Қызылорда. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылордада электрондық балабақша жүйесі іске асырылуда. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қызылорда облысы бойынша департаментініӊ ұйымдастыруымен өткізілген ғылыми-тәжірибелік конференцияда облыстық білім басқармасыныӊ басшысы Майра Мелдебекова мәлімдеді.

Конференцияға қалалық, аудандық білім бөлімдерініӊ, облыстағы жоғары оқу орындарыныӊ, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарыныӊ, мектептердіӊ, балабақшалардыӊ басшылары мен қызметкерлері қатысты.

"Бүгінгі таӊда облыс орталығындағы балабақшаларда баланыӊ бірнеше рет тіркелуін болдырмау мақсатында электронды жүйе енгізілді. Сондай-ақ, балабақшаға кезекке қою, құжаттарды тапсыру, балаларды қабылдау процестері автоматтандырылған. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алу мақсатында ата-анамен білім бөлімдері арасында тікелей байланысты азайтып, ата-аналарға үйінде отырып электронды түрде өтініш жасауға мүмкіндіктер туғызды. Жыл соӊына дейін аудандарды да осы бағытқа көшіру мақсатында жұмыстар жүргізілуде" - дейді М.Мелдебекова.

Сонымен қатар, балабақшалардыӊ талапқа сәйкестігін, бюджеттен бөлінген қаржыныӊ мақсатты жұмсалуын анықтау мақсатында құрылған жұмыс тобы облыс бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда. Жұмыс тобына тиісті құзырлы органдардан қызметкерлері тартылады. Бұл жұмыс тобы тұрақты түрде балабақшаларға, әсіресе жекеменшік балабақшалардыӊ сапасына мониторинг жүргізетін болады.

Конференция барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ облыстық департаменті басшысыныӊ орынбасары Берікбол Байхожаев:

- "Илі де болса мектептерде, балабақшаларда ата-аналардан заӊсыз ақша жинау кездеседі. Жөндеуге, басқа да іс-шаралар ұйымдастыруға деп заӊсыз ақша жинау фактілерін түбегейлі жоюды білім саласындағы мекеме басшыларына қатаӊ ескертеміз. Ата-аналар ондай шығындарды төлеуге міндетті емес. Білім беру ұйымыныӊ шығыстарына бюджеттен қажетті көлемде қаражат бөлінуде" - деді.

Мемлекет басшысы өзініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында былай деген:

"Қазіргі таӊда жеке адам ғана емес, тұтас халықтыӊ өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.

Бәсекелік қабілет дегеніміз - ұлттыӊ аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еӊбек ресурстары болуы мүмкін.

Болашақта ұлттыӊ табысты болуы оныӊ табиғи байлығымен емес, адамдарыныӊ бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімніӊ алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардыӊ сана-тында.

Сол себепті, "Цифрлы Қазақстан", "Үш тілде білім беру", "Мәдени және конфессияаралық келісім" сияқты бағдарламалар - ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдыӊ талаптарына даярлаудыӊ қамы".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны