04.05.2017, 15:54 4512

Қызылордада балалар мен жастардыӊ музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерініӊ шеруі өтеді

Шерудіӊ мақсаты - бұл "Мәӊгілік Ел" жалпыұлттық идеяны іске асыру жағдайында эстетикалық және патриоттық тәрбие факторы ретінде балалар мен студенттердіӊ салтанатты, көше-фестивальды шеруді қолдау және дамыту.

Қызылорда. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдардыӊ және басқа қызығушылық танытқан ведомстволар мен ұйымдардыӊ қолдауымен Халықаралық балаларды қорғау күні, яғни, ағымдағы жылғы 1 маусымда балалар мен жастардыӊ музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерініӊ шеруін өткізуді жоспарлап отыр,- деп хабарлайды облыстық әкімдіктіӊ баспасөз қызметі.

Шерудіӊ мақсаты - бұл "Мәӊгілік Ел" жалпыұлттық идеяны іске асыру жағдайында эстетикалық және патриоттық тәрбие факторы ретінде балалар мен студенттердіӊ салтанатты, көше-фестивальды шеруді қолдау және дамыту.

Шерудіӊ міндеттері балалар мен жастардыӊ музыкалық мәдениетін арттыру ғана емес, өзініӊ білім ұйымына мақтаныш және қатыстылығын қалыптастыру, республиканыӊ білім мекемелерініӊ беделін көтеру және жарнамалау. Шеру - бұл біздіӊ еліміздіӊ барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін кеӊ көлемді республикалық акция.

Бұл шара алғаш рет өткізіліп отырғандықтан, республиканыӊ мәдени өмірінде бірегей оқиға болады.

Бұл күні бір уақытта әр облыстық орталықтыӊ, республикалық маӊызы бар қаланыӊ және астананыӊ орталық көшелерінде барабаншылар отряды, үрлемелі оркестрлер мен ансамбльдер, мажореткалар, черлидерлер, хор және би ұжымдары жүріп өтеді.

Қызықты репертуар, музыкалық инструменттердіӊ әртүрлілігі, шығармалардыӊ аранжирлеушілік түпнұсқалығы, бірнеше түрдегі музыкалық қызметтін бірігуі: ән айту, қимыл, аспаптарда ойнау; музыкалық ұжымныӊ бірыӊғай формасы; бұнын барлығы балалық шақ мейрамын еӊ жарқын және есте қаларлықтай көрініс етеді. Музыкалық-театрландырылған шеру мерекелік қалып тудыру әсерлі тыныс береді.

Шеру - музыкалық ұжымныӊ әр қатысушы үшін көркем-эстетикалық дамудыӊ түрі, балалардыӊ, педагогтер мен ата-аналардыӊ шығармашылық жетістіктерін көрсететін орасан зор мүмкіндік.

Шеруді дайындауға оқушылар, студенттер, мектеп мұғалімдері, колледждер мен ЖОО-ныӊ оқытушылары, ата-аналар мен мәдениет және спорт өкілдері белсене қосылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны