27.04.2017, 16:21 4597

Қызылордада "Бәсекелестік қабілет: кәсіби маман" атты жастар форумы ұйымдастырылды

Бірнеше бөлікті қамтыған форум жұмысыныӊ бірінші бағыты орталық аландағы "Bilim fest: "Ұлт табысы - бәсекеге қабілеттілік" атты білім жәрмеӊкесінен бастау алды.

Қызылорда. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Кеше Қызылордада қаладағы мектеп бітіруші түлектерге арналған кәсіптік бағдар беру және қажетті мамандықтарды таӊдау бойынша "Бәсекелестік қабілет: кәсіби маман" атты жастар форумы ұйымдастырылды. Бұл туралы қала әкімдігініӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Форумныӊ негізгі мақсаты - Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді қала көлемінде кеӊінен насихаттау және жүзеге асыру негізінде кәсіптік бағдар беру, кәсіптік мамандарды даярлау бойынша шара қабылдау.

Бірнеше бөлікті қамтыған форум жұмысыныӊ бірінші бағыты орталық аландағы "Bilim fest: "Ұлт табысы - бәсекеге қабілеттілік" атты білім жәрмеӊкесінен бастау алды.

Жәрмеӊкеде қала мектептерініӊ 9-11 сынып оқушыларына қала аймағындағы 3 жоғарғы және 13 арнаулы орта оқу орындарыныӊ арнайы танымдық-базасы таныстырылып, оқу орындарыныӊ шығармашылық концерттік бағдарламалары көрсетілді.

Форумныӊ екінші кезеӊінде, мектеп бітіруші түлектерге Қызылорда қаласыныӊ бас жоспарына сәйкес аумағы 1 мыӊ 532 гектар болатын Сырдария өзенініӊ сол жағалауынан жаӊа қала тұрғызу жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы таныстырылды.

Жастар форумы қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтыӊ қатысуымен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ніӊ студенттер сарайында өткен пленарлық мәжілісте қорытындыланды.

Сондай-ақ, форум барысында қаладағы мектеп бітіруші түлектердіӊ атынан №3 мектеп-лицейініӊ 11 сынып оқушысы Нұржан Пірмағанбет болашақ - 2050 жылғы түлектерге үндеу жасады.

Болашаққа аманат етілген бұл үндеудіӊ көшірмесі облыстық тарихи-өлкетану музейіне табысталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны