24.09.2018, 22:56 6265

Қызылордада білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алу мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қызылорда облысы бойынша департаментініӊ ұйымдастыруымен өткізілген конференция барысында білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдерін жетілдіру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарыныӊ себептерін жою бойынша сұрақтар талқыланды.

Қызылорда. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылордада қалалық, аудандық білім бөлімдерініӊ, облыстағы жоғары оқу орындарыныӊ, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарыныӊ, мектептердіӊ, балабақшалардыӊ басшылары мен қызметкерлерініӊ қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияныӊ арқауы білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алу мәселелері болды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қызылорда облысы бойынша департаментініӊ ұйымдастыруымен өткізілген конференция барысында білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдерін жетілдіру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарыныӊ себептерін жою бойынша сұрақтар талқыланды.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияда "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасыныӊ орынбасары Е.Байтілес, облыстық білім басқармасыныӊ басшысы М.Мелдебекова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ проректоры А.Жүнісов, осы университеттіӊ "Құқықтану" кафедрасыныӊ меӊгерушісі, заӊ ғылымдарыныӊ кандидаты Л.Қаржаубаева, білім саласында ұзақ жылдар бойы еӊбек еткен, білім саласыныӊ құрметті ардагері Г.Қалмұратовалар хабарлама жасады.

Департаменттіӊ сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасыныӊ басшысы Бағдат Ізкенов өз хабарламасында "Қалалық және аудандық білім бөлімдері мектеп басшыларын тағайындау барысында олардыӊ соттылығын тексерумен ғана шектеледі. Облыста білім беру саласында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғаларды мемлекеттік мекеме басшысына тағайындау фактілері кездесуде. Жыл басынан осындай екі факті анықталып отыр. Осыған орай, ҚР ИҚТбК-ніӊ 681-бабымен, яғни, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдағаны үшін Арал және Жалағаш аудандық білім бөлімдерініӊ лауазымды тұлғаларына әкімшілік істер қозғалып, айыппұлдар салынды" - деді.

Конференция қорытындысымен Департамент басшысыныӊ орынбасары Берікбол Байхожаев білім саласында заӊсыз ақша жинау фактілерін жоюды қатаӊ ескертіп, білім бөлімдерініӊ басшылары оқушылар арасында мәжбүрлі түрде ақылы тестілеу өткізуді болдырмауды және мектеп директорлығына тағайындау кезінде тек соттылық туралы анықтама талап етумен шектеліп қалмай, сыбайлас жемқорлық қылмыстылығына жан-жақты толық тексеруді бақылауға алуды тапсырды.

Мемлекет басшысы өзініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында былай деген:

"Сананыӊ ашықтығы зерденіӊ үш ерекшелігін білдіреді.

Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарыныӊ өзіӊе қатысты аумағында және өз еліӊніӊ айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.

Екіншіден, ол жаӊа технологияныӊ ағыны алып келетін өзгерістердіӊ бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздіӊ өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек.

Үшіншіден, бұл - өзгелердіӊ тәжірибесін алып, еӊ озық жетістіктерін бойға сіӊіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава - Жапония мен Қытайдыӊ бүгінгі келбеті - осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудыӊ нағыз үлгісі".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны