19.06.2017, 11:47 3856

Қызылордада бірыӊғай төлем құжаты жүйесі енгізіледі

15 маусымда Қызылорда қаласында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтыӊ төрағалығымен бірыӊғай төлем құжатын енгізу мәселелеріне арналған жиын болып өтті.

Қызылорда. 19 маусым. Kazakhstan Today - 15 маусымда Қызылорда қаласында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтыӊ төрағалығымен бірыӊғай төлем құжатын енгізу мәселелеріне арналған жиын болып өтті.

- Бірыӊғай төлем құжатыныӊ басты мақсаты - тұтынушылардыӊ көрсетілген қызметтер бойынша төлем жүргізуін жеӊілдету, яғни қызмет көрсетуші мекемелерді араламай, барлық кызметтерге бір жерден төлем төлеу, тиімсіз төлемдерді қысқарту болып табылады. Аталған тәжірибе Астана, Алматы қалаларында кеӊінен қолданылуда,- деп атап өтті аймақ басшысы кеӊесті аша отырып. Шілде айында қаланыӊ "Ақмешіт" және "Мерей" мөлтек аудандарында бірыӊғай төлем құжаты пилоттық жобасы іске асырыла бастайды. Ал, ағымдағы жылдыӊ күзінде қала түгелдей бұл жүйеге қосылатын болады. Бұл туралы мәжілісте "Қызылорда жарығы" холдингтік бірлестігініӊ атқарушы директоры Еркебұлан Есенбаев және облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Медет Усаин мәлімдеді. Сонымен қатар, коммуналдық кәсіпорындардыӊ басшылары биллинг жүйесі және бірыӊғай абоненттік базаны құрудағы дайындық жұмыстары туралы есеп берді. Жиын соӊында, облыс әкімі жауапты тұлғаларға бірыӊғай төлем құжаты жүйесіне дайындық жұмыстарын мерзімінде аяқтап, күзде жобаны толық іске асыруды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны