28.04.2017, 18:54 5253

Қызылордада Чернобыль атом электр стансасында болған апат құрбандарын еске алуға арналған митинг өтті

Облыс бойынша Чернобыльге 880 адам шақырылған екен. Бүгінде солардыӊ 286-і ғана арамызда жүр.

Қызылорда. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Осыдан 31 жыл бұрын Чернобыль атом электр стансасында болған апат Кеӊес одағын ғана емес күллі әлемді әбігерге салған еді. Жер шарын тітіреткен жарылыс жарасы әлі жазыла қойған жоқ. Апат құрбандарын еске алу шарасы жыл сайын ұйымдастырылады. Оныӊ зардабын жоюшыларға құрмет көрсетіледі. Дәстүрге сай осындай шара биыл да "Тағзым" алаӊында өтті.

"Қызылорда облысыныӊ Азаматтық Альянсы" қауымдастығы баспасөз қызметініӊ хабарлауынша шарада апат зардабын жойған азаматтарға облыс, қала әкімдерініӊ, қоғамдық ұйымдардыӊ грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді.

Қызылорда қалалық "Чернобыль" қоғамдық бірлестігініӊ төрағасы Жұмабек Шахатов мұндай митингілердіӊ жыл сайын өткізіліп тұратындығын айтады.

И Атом электр стансасындағы апатты жоюшылар бүкіл әлемді қорғап қалды десек артық айтпаған болар едік,- дейді ол. - Кеӊес Одағы тұсында апат жайлы көп айтқызбауға тырысты. Көп дерек жасырын қалды. Осындай сәтте жарылыстыӊ зардабын жоюға қатысқандар жандарын шүберекке түйіп жүріп, көп қауіптіӊ алдын алды. Жылына бір мәрте, осы шарада сол кездегі еске аламыз, бүгінде арамызда жоқ жігіттердіӊ рухына бас иеміз.

Бұл күні мемориал маӊына апат зардабын жойған азаматтардан бөлек, Ауған соғысыныӊ ардагерлері, студенттер, әскери-техникалық мектеп курсанттары, ҮЕҰ өкілдері жиналды.

Облыс бойынша Чернобыльге 880 адам шақырылған екен. Бүгінде солардыӊ 286-і ғана арамызда жүр.

Митингте қалалық ішкі саясат бөлімініӊ басшысы Қуаныш Жанұзақов сөйлеп, чернобыльші азаматтардыӊ ерен ерлік танытқанын атап өтті, оларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан құрмет пен қолдау жайлы айтты.

Жиналған жұрт бүгінде ортамызда жоқ Чернобыль ардагерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Олардыӊ рухына бағышталып Құран оқылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны