15.07.2009, 16:50 3411

Қызылордада дәрігерлер өткір іш ауруының өсуіне алаңдаулы

Қызылордада дәрігерлер өткір іш ауруының өсуіне алаңдаулы

Қызылорда. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қызылордада дәрігерлер өткір іш ауруының өсуіне алаңдаулы, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Қаракөз Балабековаға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бүгінгі күні 200 төсекке есептелген аурухана палаталарында орын қалмай, науқастарды дәліздерге жатқызуға тура келуде.

"Жаздың аптап ыстық болуы - біз үшін қауырт кезең. Бізді әсіресе балалар арасында іш ауруының көбеюі алаңдатып отыр. Тек соңғы бір аптада іші ауырған 120 бала ауруханаға жатқызылды. Бұл - өткен жылғы көрсеткіштен 47-ге артық",- деді бас дәрігер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны