06.06.2012, 09:36 2628

Қызылордада егіздері бар отбасылар арасында спартакиада өтті

Қызылордадағы "Еуразия" спорт кешенінде "Болашақ бүгіннен басталады" республикалық акциясының аясында "Егізім - қос қанатым" атты отбасылық спартакиада өтті.

Қызылорда. 6-маусым. Kazakhstan Today - Қызылордада егіздері бар отбасылар арасында спартакиада өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қызылордадағы "Еуразия" спорт кешенінде "Болашақ бүгіннен басталады" республикалық акциясының аясында "Егізім - қос қанатым" атты отбасылық спартакиада өтті.

Аталмыш шараны облыстық ішкі саясат басқармасы мен "Қызылорда жастары" қауымдастығы ұйымдастырды. Қызықты да тартысты спорт сайысына 12-ден 16 жасқа дейінгі егіз балалары бар отбасылар қатысты. Оған Қызылорда қаласы мен облыс аудандарынан жиналған 7 команда атсалысты. Жарысқа қатысушылар жеті кезеңнен тұратын сынақтан өтті.

Нәтижесінде, Қызылорда қаласындағы Аппазовтар отбасы бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны