10.04.2008, 16:07 3388

Қызылордада экология мәселесіне арналған халықаралық конференция өтіп жатыр

Қызылордада экология мәселесіне арналған халықаралық конференция өтіп жатыр

Қызылорда. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қызылордада "Агроөнеркәсіп кешенінің экологиялық мәселелері мен қоршаған ортаны қорғау" атты халықаралық конференциясының жұмысы басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Конференция жұмысына қатысу үшін Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия елдерінің ғалымдары мен мамандары келді.

Ғалымдар ауыл шаруашылық саласындағы жер, жер қыртысын қорғау, өсімдік, тұқым шаруашылығы мен селекция, ауыл шаруашылық биологиясы сияқты көптеген экологиялық мәселелерді көтереді.

Күн тәртібінде экологиялық, антропогендік апаттардан зардап шеккен Арал, Каспий, Семей, Батыс-Қазақстан, Байқоңыр аймақтарының әлеуметтік экологиялық мәселелері талқыланады.

Сонымен қатар ғалымдар мал, құс, балық шаруашылығының, агроөнеркәсіп кешенінің өңдеу және азық-түлік салаларының экологиялық хал ахуалын талқылайды.

Конференция жұмысы үш күнге жалғасып 12 сәуірде аяқталады. Оның жұмысын ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі, Арал ауыл шаруашылық және агроэкологиялық ҒЗИ ұйымдастырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны