18.04.2012, 09:48 3301

Қызылордада есік тұтқасын жұтып қойған азаматқа операция жасалды

"Біздің мәліметтерге сәйкес, 38 жасар ер азамат әйелімен ұрысып қалған кезінде ызадан есік тұтқасын жұтып қойған. Ирине, бізде азаматтың ішіне кеткен темір бөтен дене, өзі ұсақ та емес, өңешінде тұрып қалады ма деген қауіп болды. Алайда, бәрі сәтімен болды - тұтқа асқазанға түсіп, тастай қозғалмастан жатып алды", - деп әңгімеледі дәрігер.

Қызылорда. 18-сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда қалалық ауруханасының хирургиялық бөлімінде әйелімен ұрысып қалған кезінде ызадан есік тұтқасын жұтып қойған азаматқа операция жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы BNews.kz тілшісіне "Жедел жәрдем" стансасы бас дәрігерінің орынбасары Сәуле Сақтағанова хабарлаған.

"Біздің мәліметтерге сәйкес, 38 жасар ер азамат әйелімен ұрысып қалған кезінде ызадан есік тұтқасын жұтып қойған. Ирине, бізде азаматтың ішіне кеткен темір бөтен дене, өзі ұсақ та емес, өңешінде тұрып қалады ма деген қауіп болды. Алайда, бәрі сәтімен болды - тұтқа асқазанға түсіп, тастай қозғалмастан жатып алды", - деп әңгімеледі дәрігер.

"Жедел жәрдем" дәрігерлерінің айтуына қарағанда, есік тұтқасын алып шығу ісіне хирургтер араласқан. Ауруханаға жеткізілген емделушіге шұғыл түрде операция жасалып, тұтқа сәтті алынып шықты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны