03.07.2017, 14:08 4561

Қызылордада ғаламтор желісі арқылы діни алауыздықты тудырмақ болған азамат жауапкершілікке тартылды

Қызылорда облысыныӊ ІІД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жүргізген кешенді іс-шаралардыӊ нәтижесінде ғаламтор желісіндегі әлеуметтік парақшасы арқылы діни алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттер жасаған Қызылорда қаласыныӊ 26 жастағы тұрғыны ұсталды.

Қызылорда. 3 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ ІІД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жүргізген кешенді іс-шаралардыӊ нәтижесінде ғаламтор желісіндегі әлеуметтік парақшасы арқылы діни алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттер жасаған Қызылорда қаласыныӊ 26 жастағы тұрғыны ұсталды.

Оқиға 2017 жылдыӊ наурыз айында орын алған.

Аталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, деструктивті діни ағымныӊ ұстанушысы екендігі анықталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, айғақ зат ретінде аудиожазбалар алынып, бірқатар жедел іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде жоғарыда аталған азамат 2017 жылғы 05 маусымда соттыӊ шешімі бойынша ҚР Қылмыстық кодексініӊ 174-бабы 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, 2 жылға шартты түрде сотталды,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны