11.04.2017, 18:01 4675

Қызылордада ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми жарыс өтті

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігініӊ "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығыныӊ іс-шаралар жоспарына сәйкес 5-8 сәуір аралығында XIIІ "Ғылым әлемін ашамыз" ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми жарыс өтті.

Қызылорда. 11 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігініӊ "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығыныӊ іс-шаралар жоспарына сәйкес 5-8 сәуір аралығында XIIІ "Ғылым әлемін ашамыз" ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми жарыс өтті.

2005 жылдан бері өткізіліп келе жатқан оқушылардыӊ халықаралық ғылыми сайыстарыныӊ басты мақсаты - балалар мен жасөспірімдердіӊ қызығушылығын арттыру, ғылыми-зерттеу қызметіне баулу, отандық және әлемдік ғарыштық жетістіктерді насихаттау, ақпараттық және ғарыштық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру, дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау. Жарыс академик В.Н.Челомея атындағы Халықаралық ғарыш мектебі базасында өтті.

Жарыста республикамыздыӊ барлық аймақтарынан, сонымен қатар алыс - жақын шетелдерден 200-ге жуық оқушы қатысты.

Іс-шараныӊ форматымен ғылыми жобаларды қорғау 5 секция бойынша жүргізілді:

1 секция: "Зымырандық техника және инфрақұрылым"

2 секция: "Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу"

3 секция: "Экология және ғарыштық қызмет"

4 секция: "Астрофизика және Дүние жүзініӊ эволюциясы"

5 секция: "Күн жүйесі"

Қатысушыларға қызықты саяхат бағдарламасы ұйымдастырылды. Оқушылар әйгілі "Гагаринский старт", алғашқы ғарышкер Ю.Гагарин мен бас құрастырушы С.П.Королевтыӊ Мұражай - үйін, "Байқоӊыр" ғарыш айлағы ғарышкерлерініӊ мұражайын, "Буран" орбиталық кемесін, және Байқоӊыр қаласыныӊ тарихи жерлерін: қалалық ғарышкерлер мұражайын, зымыраншы-сынаушылардыӊ, ғарыштық ғылым саласындағы атақты академиктерге арналған монументтерін тамашалауға мүмкіндіктер жасалды.

Сонымен қатар, 8 сәуір күні оқушылар әйгілі "Қорқыт - ата" мемориалдық кешеніне барды.

Қызылорда облысы бойынша жарысқа 11 оқушы қатысып, сайыс қорытындысымен 4 оқушы ІІ дәрежелі дипломдармен, 4 оқушы ІІІ дәрежелі дипломдармен және 1 оқушы мақтау грамотасымен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны