02.06.2017, 17:02 5961

Қызылордада халықаралық балаларды қорғау күні ауқымды атап өтілді

- Балалар үшін жасап жатқан Елбасы қамқорлығына алғысымыз шексіз. Ешқандай сөзге теӊеусіз жасалған "Атамекен" ауылында тек балалардыӊ сыӊғырлаған күлкісі мен бақытты балалық шақтыӊ куәгері болатынымызға сеніміміз мол. Біздіӊ әрқайсымыз елдіӊ мақтан тұтар азаматы болуға, осында алған үлгілі тәртібіміз бен сапалы біліміміз арқылы еӊбектеріӊізді қайтаруға уәде береміз, - деді балалар ауылыныӊ түлегі Саида Алексеева.

Қызылорда. 2 маусым. Kazakhstan Today - 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев "Атамекен" отбасы үлгісіндегі балалар ауылында болып, балғындардыӊ құттықтады.

- Бүгінгі ұрпақ - ертеӊгі ел үміті. Сондықтан да сіздер бір әулеттіӊ баласындай тату-тәтті өмір сүріп, үлкенге - құрмет, кішіге - қамқор бола біліӊдер. Тәуелсіз еліміз барда, сендер ешқандай да қиыншылық көрмейсіӊдер. Бастысы аналарыӊныӊ айтқанын екі етпей, сапалы білім алып, еліміздіӊ дәулетті, жеріміздіӊ сәулетті болуы үшін өз үлестеріӊізді қосуларыӊыз керек, - деді Ибадулла Құттықожаев.

Мерекелік шара аясында облыстық партия филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев ауыл түлектерін рухани жаӊғырудыӊ өркениетті көшіне ілесіп, Елбасы армандаған "Мәӊгілік Елдіӊ" іргесін нық қалайтын зияткер ұрпақ болауға шақырып, партия филиалы атынан арнайы сый-сияпат табыстады.

- Балалар үшін жасап жатқан Елбасы қамқорлығына алғысымыз шексіз. Ешқандай сөзге теӊеусіз жасалған "Атамекен" ауылында тек балалардыӊ сыӊғырлаған күлкісі мен бақытты балалық шақтыӊ куәгері болатынымызға сеніміміз мол. Біздіӊ әрқайсымыз елдіӊ мақтан тұтар азаматы болуға, осында алған үлгілі тәртібіміз бен сапалы біліміміз арқылы еӊбектеріӊізді қайтаруға уәде береміз, - деді балалар ауылыныӊ түлегі Саида Алексеева.

Айта кетерлігі, балалар ауылындағы әрбір үйге демеушілік, қамқорлық жасау мақсатында мұнай компаниялары мен білім беру ұйымдары бекітілген. Олар да мереке күні әрбір жеткіншекке өздерініӊ сыйлықтарын тапсырды. Мерекеге орай түрлі концерттік бағдарламаларын қойып, әр үйдіӊ тұрғындары өз өнерлерін көрсетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны