22.05.2017, 17:13 4243

Қызылордада Ішкі істер департаментініӊ қызмет салалары волейболдан жолдастық кездесу өткізді

Спорттық бәсекеніӊ қорытындысы бойынша І орынды Оқу-жаттығу басқармасы иеленіп, жарыс жеӊімпаздары атанды. ІІ орынды Жедел қимылдайтын арнайы жасақ құрама командасы қанжығасына байласа, департамент бастығыныӊ орынбасарларынан құралған құрама команда жарыстыӊ қола жүлдегерлері атанды.

Қызылорда. 22 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан полициясыныӊ 25 жылдығына орай, 2017 жылдыӊ 20 мамырында Қызылорда облысы Ішкі істер департаментініӊ қызмет салалары арасында "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамыныӊ спорт залында волейболдан жарыс өтті. Аталмаш жарыстыӊ өзге жарыстардан басты ерекшілігі - алаӊда команда мүшелерімен қатар департамент басшылығы да ойын өрнегін көрсетті.

Спорттық додаға департамент бастығыныӊ орынбасарларынан және басқарма бастықтары мен орынбасарларынан құралған команда, жедел және тергеу құрылымдары, жедел емес басқарма, бөлім қызметкерлерініӊ командасы, Жедел қимылдайтын арнайы жасақ командасы және Оқу-жаттығу басқармасынан жасақталған 6 команда қатысты. Полиция қызметкерлері арасындағы бірлікті, командалық қолдауды нығайтуды мақсат еткен бұл спорттық кездесу өте тартысты өтті.

Спорттық бәсекеніӊ қорытындысы бойынша І орынды Оқу-жаттығу басқармасы иеленіп, жарыс жеӊімпаздары атанды. ІІ орынды Жедел қимылдайтын арнайы жасақ құрама командасы қанжығасына байласа, департамент бастығыныӊ орынбасарларынан құралған құрама команда жарыстыӊ қола жүлдегерлері атанды.

Жарыс жеӊімпаздары Қазақстан полициясыныӊ 25 жылдығына орай ұйымдастырылатын салтанатты шарада марапатталатын болады,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны