08.05.2018, 21:22 3913

Қызылордада ішкі істер органдары мен жеке күзет ұйымдарыныӊ арасындағы бірлескен іс-шараларды жандандыру жұмыстары жүргізілуде

Қазақстан Республикасыныӊ "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы заӊыныӊ 8-бабында, күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлер мемлекеттiк органдарға заӊдармен жүктелген мiндеттердi орындауда осы мемлекеттiк органдарға жәрдемдесуге мiндеттi деп көрсеткен.

Қызылорда. 8 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылордада қылмыс пен құқық бұзушылықтыӊ алдын алу мақсатында ішкі істер органдары мен жеке күзет ұйымдарыныӊ арасындағы бірлескен іс-шараларды жандандыру жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті басшылығыныӊ ұйымдастыруымен қала көлемінде күзет қызметініӊ барлық түрімен айналысатын жеке күзет ұйымдары басшылары және департамент басшылығыныӊ қатысуымен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында соӊғы уақытта қарақшылық, тонау және бөтен мұлік ұрлығыныӊ орын алуы нысандардыӊ техникалық бекіністерініӊ осалдығынан, яғни қазіргі жаӊа заманауи қауіпсіздік қондырғылармен, бейнебақылаумен толық жабдықталмағаны және жеке күзет ұйымдарыныӊ күзетімен толық қамтамасыз етілмеуінен екендігі сөз етілді.

Облыс аумағында орналасқан көӊіл көтеру орындары мен қонақ үйлердіӊ әкімшілігі немесе жеке күзет ұйымдарыныӊ күзетшілері мекеменіӊ мүддесіне қатысты жағдайлардан (есепшотты төлемеу, мүлікті жою немесе бүлдіру) басқа, жасалған қылмыстар туралы уақытылы ішкі істер органдарына хабарламауда. Мәселен, қала орталығында орналасқан қонақ үйлердіӊ бірінде бір топ азаматтар жанжалдасып, бұзақылыққа жол берілген, оқиға жөнінде аталған нысанды күзетке алған жеке күзет ұйымыныӊ күзетшісі полицияға хабарламаған.

Қазақстан Республикасыныӊ 19 қазан 2000 жылғы "Күзет қызметі туралы" Заӊыныӊ 8-бабында, күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлер мемлекеттiк органдарға заӊдармен жүктелген мiндеттердi орындауда осы мемлекеттiк органдарға жәрдемдесуге мiндеттi деп көрсеткен.

Сонымен қатар, ҚР 28.12.2017 жылы №127-VI Заӊымен ИҚБтК-ніӊ 470 бабына өзгеріс енгізілді, яғни ҚР ИҚБтК-ніӊ 470 бабыныӊ 1-1 бөлігінде: Жеке күзет ұйымдарында күзетші қызметінде жұмыс істейтін жұмыскерлердіӊ дайындалып жатқан не жасалған қылмыстар туралы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, не аумағында қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар бар күзетілетін объектілерден күзет дабылыныӊ қосылғаны туралы өздеріне белгілі болған фактілерді жасыру, сол сияқты Ішкі істер органдарын хабардар етпеуі- жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген. Икімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сол сияқты осы баптыӊ бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықты жоймау - қызметіне тыйым сала отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Алдағы уақытта, түнгі мекемелерде жасалған жеке тұлғаға қарсы қылмыстардыӊ санын төмендету мақсатында жеке күзет ұйымдарыныӊ басшыларына күзетілетін нысандарда орын алған қылмыс фактілерін жасыру, сол сияқты ішкі істер органдарын хабардар етпеуге байланысты күзетшілер тарапынан кемшіліктер анықталған жағдайда күзет қызметіне берілген лицензия кері қайтарылып алынатындығын ескерту жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, күн тәртібіндегі мәселе бойынша қылмыс пен құқық бұзушылықтыӊ алдын-алуға ішкі істер органдары қызметкерлерімен бірге жеке күзет субъектілерімен білесіп іс-шаралар өткізуге, яғни "Құқықтық тәртіп" күшейтілген іс-шаралары кезінде полицияныӊ кешенді күштері қатарына жеке күзет субъектілерініӊ күзетшілерін қатыстыру жайлы қызу талқыламалар жүргізілді және көкейкесті сауалдарға ортақ жауаптар алынып, бірқатар тиімді шешімдер қабылданды.

Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны