15.05.2015, 20:51 4262

Қызылордада "Қайыршы" ЖПІШ-ныӊ 4 күнінде 127 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Осы бағыттағы жұмыстар мамыр айыныӊ 21-не дейін жалғасатын болады. Іс-шараға 500-ден аса ішкі істер органдарыныӊ қызметкерлері жұмылдырылды.

Алматы. 15 Мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігініӊ нұсқауына сәйкес, облыс көлеміндегі қоғамдық орындар мен көпшілік қауым шоғырланған жерлерде кәсіпкерлік негізіне жатпайтындай мақсатпен табыс табумен, яғни бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таӊу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру деректерін анықтау, құқықтық ықпал ету, тұрғындарға үгіт-насихат шараларын жүргізу мақсатында 2015 жылдыӊ 11 мамыр - 21 мамыр күндері аралығында облыс көлемінде "Қайыршы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараныӊ 4 күнінде учаскелік полиция инспекторларымен қоғамдық орында тиіскені үшін 127 азамат ұсталып, оныӊ ішінде 8 азаматтыӊ жеке басы анықталмағандықтан қабылдау-тарату орталығына және 10 жасөспірім бейімдеу орталықтарына жатқызылды. ҚР ИҚБтК-ніӊ 449-бабы бойынша барлығы 116 құқық бұзушыға әкімшілік хаттамалар толтырылып, 777 935 (жеті жүз жетпіс жеті мыӊ тоғыз жүз отыз бес) теӊге айыппұл салынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осы бағыттағы жұмыстар мамыр айыныӊ 21-не дейін жалғасатын болады. Іс-шараға 500-ден аса ішкі істер органдарыныӊ қызметкерлері жұмылдырылды.

Айта кетерлік жағдай, 2015 жылдыӊ қаӊтарынан бастап күшіне енген жаӊа Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексініӊ 449-бабы бойынша қоғамдық орындарда кәсіпкерлік негізіне жатпайтын қызметтер көрсетуді күштеп таӊу мақсатында тиісу, мазалап өтініш білдіру сынды әрекеттер үшін жеке тұлғаларға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. Егер де осы әрекеттерді шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамдар жасаған жағдайда олар республика аумағынан әкімшілік жолмен шығарылып, 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынады.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны