19.09.2017, 15:08 4502

Қызылордада қала күні тойлануда

"Нұрлы жол" бағдарламасы арқылы Республикалық бюджет есебінен Қызылорда қаласында 27 жоба бойынша 34,4 шақырым ауыз су және 7,8 шақырым кәріз су құбырлары қайта жаӊғыртылуда

Қызылорда. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - Үстіміздегі жылы Қызылорда қаласы күнін атап өту 18-23 қыркүйек аралығында болып белгіленді.

Алғашқы күні "Сыр сүлейлері" аллеясында бауырсақ, қымыз және шұбаттыӊ, қауын-қарбыздыӊ дәстүрлі фестивалі, сондай-ақ, қазақ ұлттық ас мәзірініӊ, ұлттық киімдердіӊ және музыкалық аспаптардыӊ, қолөнер шеберлерініӊ көрмесі ұйымдастырылып, фотокөрме өтті.

Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев қала тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтай отырып, биыл қала күнін мерекелеу аясында көптеген қайырымдылық акциялары өткізілетінін атап өтті.

Алғашқы күнгі мерекелік бағдарлама орталық алаӊда өтетін "I LOVE QYZYLORDA" Диджей fest" концерттік бағдарламасымен аяқталады.

Қаламыз әлеуметтік-экономикалық жағынан жыл басынан бері жоғарғы жетістіктерге жетуде.

Жыл басынан Қызылорда қаласында:

- қала тұрғындарыныӊ игілігі үшін жалпы ауданы 240 580 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, 7 мыӊға жуық жерлестеріміз қоныс тойын тойлады;

- "Қуғын - сүргін құрбандарын еске алу" ескерткішініӊ аумағы абаттандырылып;

- мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай ескерткіші салтанатты ашылды;

- республикада алғашқылардыӊ бірі болып Қызылорда қаласы әкімдігініӊ ғимаратынан "Құқық қорғау қызметтері орталығы" өз жұмысын бастады;

- қала тұрғындары қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қала полицейлеріне 69 жаӊа автокөлік табысталып, 14 станционарлы полиция бекетініӊ құрылысы басталды;

- тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 20 спорттық-жаттығу алаӊдары салынуда;

- жалпы аумағы 5 гектар жерді құрайтын сыйымдылығы 200 заманауи автобустарға арналған жаӊа үлгідегі автобус паркі пайдалануға беріліп;

- 5,8 шақырымды құрайтын қала орталығындағы Қазыбек би көшесінен Жезқазған автожолына дейінгі аралыққа созылған, "Қорқыт ата" көшесін қайта жаӊғырту жұмыстары толықтай аяқталды;

- қала қатынасында маӊызды саналатын жалпы ұзындығы 73,6 шақырымды құрайтын 124 көшеге орташа, күрделі және қайта жаӊғырту жұмыстары жасалуда;

- қала тұрғындарыныӊ сұранысына сәйкес аймақ басшысыныӊ тікелей қолдауымен бірнеше жылдан беру шешімін таппай келе жатқан "Сәулет" мөлтек ауданыныӊ 35 көшесін жөндеу жұмыстарын жүргізуге қол жеткізілді;

- "Нұрлы жол" бағдарламасы арқылы Республикалық бюджет есебінен Қызылорда қаласында 27 жоба бойынша 34,4 шақырым ауыз су және 7,8 шақырым кәріз су құбырлары қайта жаӊғыртылуда;

- жарқын болашаққа бастайтын жаӊа қала құрылысыныӊ алғашқы қарлығаштары - Сырдария өзенініӊ сол жағалауынан 5 қабатты 18 тұрғын үйлердіӊ және 320 орындық балабақшаныӊ іргетасы қаланды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны