14.07.2017, 18:40 6222

Қызылордада қала тазалығын ластаушыларға әкімшілік шара қолданылуда

Егер де айналаны ластаушылардыӊ кінәсі дәлелденген жағдайда олар 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға жазаланады.

Қызылорда. 14 шілде. Kazakhstan Today - Қоғамдық тазалықты сақтап, өзге де азаматтар мен олардыӊ еӊбегіне сыйластықпен қарау - әрбір азаматтаӊ парызы. Елбасымыздыӊ өзі мемлекетіміз құқықбұзушылыққа төзбеушілік қағидатын қалыптастыру қажет деген болатын. Сонымен қатар, кез келген заӊ бұзушылықтыӊ барлығы ұсақ тәртіпсіздіктерден басталатынын ескерсек, қылмыс көшедегі қоғамдық мүлікті бүлдіруден бастау алуы да ғажап емес. Сондықтан құқық қорғау саласыныӊ қызметкерлері тазалық жұмыстарына араласып, тәртіпсіздіктермен күрес жұмыстарын қарқынды түрде жалғастыруда.

Атап айтқанда, 2017 жылғы 4 шілдеде полиция қызметкерлері үйінен шығарылған қоқысты қала орталығындағы арықтардыӊ біріне тастай салған қала тұрғынын байқайды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексініӊ 434-бабы негізінде әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданды.

Дәл осы күні бейнебақылау камераларыныӊ назарына әӊгіме-дүкен құрып отырған 4 азаматтыӊ құқық бұзушылық әрекеті түседі. Олар адамдардыӊ ортақ пайдаланатын орнына шемішкі шағып қана қоймай, темекі қалдығын тастай салғандары анықталады. Оларға қатысты да ҚР Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексініӊ 434-бабына сай әкімшілік шара көрілді.

Егер де айналаны ластаушылардыӊ кінәсі дәлелденген жағдайда олар 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға жазаланады.

Аталған бағыттағы жұмыстар өз деӊгейінде жалғасатын болады,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны