02.10.2018, 22:01 4643

Қызылордада қаланыӊ және Құрманғазыныӊ 200 жылдығына арналған "Туған жерге тағзым" атты концерт өтті

Концерт Қызылорда қаласыныӊ 200 жылдық мерейтойына, сондай-ақ 200 жылдығы биылғы жылы атап өтілетін сазгер, ұлы қазақ күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлыныӊ шығармашылығына арналды.

Қызылорда. 2 қазан. Kazakhstan Today - Асқар Тоқмағамбетов атындағы Қызылорда қалалық мәдениет үйінде "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ тұжырымдамасы аясында Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрініӊ "Туған жерге тағзым" атты концерті өтті. Бұл бағдарламамен оркестр жаӊа маусымын ашты. Оркестр біздіӊ жерлесіміз, "Құрмет" орденініӊ иегері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығыныӊ лауреаты, Батыс Қазақстан облыстық филармониясыныӊ Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрініӊ көркемдік жетекшісі Еркін Нұрымбетовтіӊ жетекшілігімен өнер көрсетті. Концерт Қызылорда қаласыныӊ 200 жылдық мерейтойына, сондай-ақ 200 жылдығы биылғы жылы атап өтілетін сазгер, ұлы қазақ күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлыныӊ шығармашылығына арналды.

Концерттік бағдарламаға Құрманғазы атындағы "Серпер", "Төремұрат", "Адай" секілді әйгілі күйлері, сондай-ақ көрнекті қазақ күйшілері Дәулеткерей, Махамбет, Илшекейдіӊ туындылары кірді. Еркін Нұрымбетовтыӊ туған жеріне арналған туындылары да бар. Оркестрдіӊ сүйемелдеуімен Қызылорда туралы әндерді Сымбат Тасбергенова, Самал Байсейітова мен Мақсат Мақұлбеков орындады. Концерт Құрманғазыныӊ "Сарыарқа" күйін оркестрдіӊ тамаша орындауында аяқталды. "Нұр Отан" партиясыныӊ облыстық филиалыныӊ төрағасыныӊ орынбасары Ержан Байтілес Е. Нұрымбетовке облыс әкімініӊ алғыс хатын табыс етті.

Мемлекет басшысы өзініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында былай деген:

"Қазақ "Туған жерге туыӊды тік" деп бекер айтпаған.

Патриотизм кіндік қаныӊ тамған жеріӊе, өскен ауылыӊа, қалаӊ мен өӊіріӊе, яғни туған жеріӊе деген сүйіспеншіліктен басталады.

Сол себепті, мен "Туған жер" бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оныӊ ауқымы ізінше оп-оӊай кеӊейіп, "Туған елге" ұласады.

Мәселен, "Ауылым - әнім" атты әнді айтқанда, "Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін" деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл - мағынасы өте тереӊ сөздер.

Бағдарлама неге "Туған жер" деп аталады? Адам баласы - шексіз зерденіӊ ғана емес, ғажайып сезімніӊ иесі. Туған жер - әркімніӊ шыр етіп жерге түскен, бауырында еӊбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанныӊ өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегініӊ түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды.

Туған жерге, оныӊ мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іӊкәрлікпен атсалысу - шынайы патриотизмніӊ маӊызды көріністерініӊ бірі".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны