09.11.2007, 15:36 2654

Қызылордада қарашаның ортасында "Қыс-2007" республикалық командалық-штабтық жаттығу өтеді

Қызылордада қарашаның ортасында "Қыс-2007" республикалық командалық-штабтық жаттығу өтеді

Қызылорда. 9-қараша. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылдың 12 - 14 қараша күндері аралығында Қызылордада "Қыс-2007" республикалық командалық-штабтық жаттығу өтеді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстың төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.

Облыстың төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мархабат Жайымбетов жаттығу барысын түсіндіре келе, "Қыс-2007" республикалық командалық-штабтық жаттығудың мақсаты - қыс маусымындағы төтенше жағдайлардың салдарын жою барысындағы құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуге дайындық болып табылатындығын атап өтті. Жаттығу кезінде апаттық-құтқару қызметінің дайындығы, сондай-ақ материалдық-техникалық қор мен резервтердің болуы және олардың жағдайы пысықталады, деп жоспарлануда.
Жаттығуға Арал өңіріндегі әкімшіліктердің төтенше жағдайлар жөніндегі барлық комиссиясы, мың жарым адам және 358 бірлік техника жұмылдырылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны