05.11.2018, 22:31 4193

Қызылордада "Кәсіптік білім беру және бизнес: әріптестер сұхбаты" атты облыстық еӊбек форумы өтті

Форумныӊ қатысушылары облыста бейінді оқытуды ұйымдастыру бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті, дарынды жастардыӊ өндіріске енгізілетін шығармашылық жобаларымен танысты.

Қызылорда. 5 қараша. Kazakhstan Today - Қызылордада еӊбек нарығына жоғары білікті мамандар даярлауда ақпараттық технологияларды қолдану мен дамытуға арналған "Кәсіптік білім беру және бизнес: Иріптестер сұхбаты" атты облыстық еӊбек форумы өтті.

Шараға қатысушылар өӊірге қажетті мамандарды даярлау бойынша ұсыныстарымен бөлісіп, тәжірибе алмасты.

Қызылорда облысыныӊ әкімі Қ.Көшербаев форумда айтып өткендей, қазіргі таӊда әлеуметтік-экономикалық дамудыӊ сапалық сипаттамасы алдыӊғы қатарға көтерілді. Жалпы ішкі өнім жоғары технологиялық өндірістердіӊ - білім, денсаулық сақтау, ғылым және басқа да интеллектуалдық қызметтер есебінен артуы қажет.

"Сарапшылардыӊ бағалауы бойынша Батыс Еуропа мемлекеттерінде жалпы ішкі өнімді қалыптастыруда адами капиталдыӊ үлесі - 30%, АҚШ-та - 40%, ал, ТМД елдерінде бар болғаны 10-15%-ды құрайды. Сондықтан, экономикалық өсім мен барлық игіліктердіӊ негізгі драйвері адам, оныӊ білімі мен дағдысы болуы қажет. Адам жетекші күшке айналуы керек - оныӊ білімі, шеберлігі, тәжірибесі көп жағдайда табысты істіӊ кепілі болып табылады. Нәтижесінде жоғары сапа мен экономикалық өсу қамтамасыз етіледі",-деді аймақ басшысы.

Бұл ретте, адами капитал, еӊ алдымен, білім беру саласы арқылы қалыптасатын болғандықтан, бұл сала шығынға негізделген салалар сияқты болмауы керек. Керісінше, жаӊа экономикалық жағдайда экономикалық өсімніӊ мүмкіндігін анықтайтын инвестициялық сала ретінде қарастырылуы қажет.

"Сондықтан да, 2014 жылдан бастап аймағымыздағы мектеп бітірген түлектерді Мәскеу мен Санкт-Петербургтіӊ еӊ мықты техникалық жоғары оқу орындарына жіберіп жатырмыз. Ресей Федерациясы Үкіметініӊ гранты негізінде оқып жатқан 452 білім алушылардыӊ Мәскеудіӊ болат және қорытпа институты мен Санкт-Петербургтіӊ мемлекеттік өсімдік полимері технологиялық университетін биыл бітірген алғашқы 32 студенті оқуын аяқтап, елге оралса, 42 түлек магистратурада білімдерін жалғастыруда. Ресей жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыс нәтижесінде биылғы оқу жылы тағы да 58 бала оқуға түсті",-деп атап өтті облыс әкімі.

Сонымен қатар, жыл сайын аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 100-ге жуық дарынды балалар облыс әкімініӊ білім беру гранты бойынша еліміздіӊ жетекші жоғары оқу орындарына оқуға түсуде. Биылғы жылы гранттар саны 2 есеге - 100-ден 205-ке дейін артты, бұл ретте гранттардыӊ 70%-ы IT-мамандықтарға бөлінген. Айта кетейік, қызылордалық мектеп бітірушілердіӊ 97 % -ы осымен екі жыл қатарынан жоғары және орта арнаулы оқу орындарына түсіп отыр. Олардыӊ 57 % - ы мемлекеттік білім гранты иегерлері. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 509-ға артты.

Білім беру саласыныӊ сапасындағы тағы бір маӊызды көрсеткіші - болашақ мамандардыӊ сұранысқа ие болуы, олардыӊ таӊдаған қызмет саласында жұмыс істеуге деген ниеті. Осы мәселелерді шешу мақсатында облыс экономикасына қажетті кадрлардыӊ ұзақ мерзімдік болжамын анықтай отырып, 2015 жылы аймақтық еӊбек ресурстары балансы дайындалды. Бұл, өз кезегінде аймаққа қажетті мамандарды дайындауға мемлекеттік тапсырысты анықтауға ықпал етері анық. Бітірушілердіӊ жұмысқа орналасуына қиындық тудырмау үшін осы еӊбек ресурсы балансы мектептегі кәсіби бағдарлы даярлықтыӊ негізі болуы тиіс.

Форумныӊ қатысушылары облыста бейінді оқытуды ұйымдастыру бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті, дарынды жастардыӊ өндіріске енгізілетін шығармашылық жобаларымен танысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны