23.04.2008, 15:43 3380

Қызылордада қатты қалдықтарды өңдеу зауыты құрылысын салу жобасы талқылануда

Қызылордада қатты қалдықтарды өңдеу зауыты құрылысын салу жобасы талқылануда

Қызылорда. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қызылордада қатты қалдықтарды өңдеу зауыты құрылысын салу жобасы талқылануда, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Кеше 22 сәуірде табиғатты пайдалануды реттеу және табиғат ресурстары басқармасы, "Нұр Отан" ХДП облыстық бөлімшесі және қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық басқармасы бірлесе отырып "Қызылордада қатты қалдықтарды өңдеу зауыты құрылысын салу жөніндегі" жобаның қоғамдық тыңдауын өткізді.

"Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мәселесі ҚР басқа қалаларындағыдай бұдан бұрын туындаған. Облыс әкімі оны орнынан қозғады. Мұхтар Құл Мұхаммедтің бастауымен Алматы зауытынан кейінгі екінші жоба жасалды ", - деп атап өтті, Арал аймағы тұрғындарының денсаулығын қорғау және гидрометеорология, аумақтық экология орталығының директоры Смағұл Сейітов.

"Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үшін облыстық бюджеттен өткен жылы 10 млн теңге бөлінді ", - деп хабарлады облыстық табиғат ресурстарын басқару бастығы Инуар Қалтаев.

""Қазмеханообр" мемлекеттік экологиялық өнеркәсіптік ғылыми өндірістік бірлестігінің дайындаған жобасы бойынша кәсіпорын қуаты жылына 100 мың тонна қалдықты өңдеуге есептелген ", -деп түсіндірді жоба авторларының бірі Сергей Пак.

Оның сөздері бойынша тұрмыстық қалдықтарды өңдеудің технологиясы бойынша қолданылған ПЭТ бөтелкелерін, пленкаларды және полиэтилендердің басқа да түрлерін өңдеу, сондай-ақ, қағаз қалдықтарынан экомақта шығару желілері пайдаланылатын болады.

Зауыт жобасының құны 4 млрд теңгеден сәл асады. Бұл ақшаны қайтару уақыты 10 жыл.

"Жобаны жүзеге асыру арқылы жер асты суларына азық-түлік сілтілерінің қосылу қаупін алдын алып, желден қалдықтардың шашырауын, қалдық үйінділердің өзінен өзі отқа орануын, метанның пайда болуына жол бермей, қатты қалдықтарды сақтау полигонын пайдалану уақытын ұзартады және жалпы экологияның жағдайын жақсартады", -деп атап өтті "Нұр Отан" ХДП Қызылорда бөлімшесі жетекшісінің орынбасары Өлмесхан Болатбеков.

Қалдықтарды өңдеу зауытында 132 жұмыс орны ашылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны