12.09.2017, 14:08 3961

Қызылордада "Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігініӊ нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдыӊ 12-16 қыркүйек аралығында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерініӊ алдын алу мақсатында облыс көлемінде "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілетін болады.

Қызылорда. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігініӊ нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдыӊ 12-16 қыркүйек аралығында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерініӊ алдын алу мақсатында облыс көлемінде "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілетін болады.

"Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шарасы аясында жол-көлік оқиғаларыныӊ артуына септігін тигізетін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтау, автокөлік жүргізушілерініӊ жаяу жүргіншілерге жол бермеу деректерініӊ алдын алу, профилактикалық бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыруға және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу шараларын өткізу жоспарлануда.

Аталған іс-шараға Жергілікті полиция қызметініӊ және тиісті қызмет салаларыныӊ қызметкерлері жұмылдырылады,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны