24.01.2019, 18:49 7755

Қызылордада "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Ағымдағы жылдыӊ қаӊтар айыныӊ 23-25 күндері аралығында облыс көлемінде "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарлануда.

Қызылорда. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ қаӊтар айыныӊ 23-25 күндері аралығында облыс көлемінде "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарлануда.

Іс-шара барысында Жергілікті полиция қызметі басқармасы Мемлекеттік кірістер және көліктік бақылау инспекциясы органдарымен бірлесіп, облыс көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол көлік оқиғаларыныӊ алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтыӊ, әсіресе заӊсыз жолаушы тасымалымен айналысатын автобус және такси көлік құралдарын анықтау, жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiӊ белгiленген қағидаларына сай келмейтiн яғни ксенон немесе лед жарық шамдары орнатылған көлiк құралдарын анықтайтын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны