28.08.2017, 16:53 5448

Қызылордада қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету жұмысы күшейтілген жүйеде жүргізілетін болады

Осы күндері облыстағы қоғамдық орындар, мәдениет ошақтары, көшелер мен тұрғын үй аулалары қатаӊ бақылауға алынып, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау шаралары жүргізіледі,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Қызылорда. 28 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігініӊ нұсқауына сәйкес, Конституция күні қарсаӊында тамыз айыныӊ 23-25 күндері аралығында облыс орталығындағы кримогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын кеӊ көлемде жүргізу мен қылмыстыӊ алдын алу, орын алған қылмыстарды ашу, сондай-ақ көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу мақсатында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарланып отыр.

Шараға Жергілікті полиция қызметініӊ мен департаменттіӊ тиісті қызмет салалары қызметкерлері, Ұлттық ұланныӊ сарбаздары жұмылдырылып, жұмыс барысы толықтай күшейтілген жүйеге көшірілмек.

Осы күндері облыстағы қоғамдық орындар, мәдениет ошақтары, көшелер мен тұрғын үй аулалары қатаӊ бақылауға алынып, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау шаралары жүргізіледі,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны