01.03.2017, 11:19 4861

Қызылордада "Қазақстан демократиялық даму жолында" атты дөӊгелек үстел өткізілді

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасыныӊ бастамасымен Қызылорда Азаматық Альянсыныӊ ақпараттық-ресурстық орталығында "Қазақстан демократиялық даму жолында" атты дөӊгелек үстел өткізілді.

Қызылорда. 1 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасыныӊ бастамасымен Қызылорда Азаматық Альянсыныӊ ақпараттық-ресурстық орталығында "Қазақстан демократиялық даму жолында" атты дөӊгелек үстел өткізілді.

Шараға қатысушылар Мемлекет басшысыныӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауы мен билік өкілеттіліктерін бөлісу жайлы Үндеуін талқылады. ҮЕҰ жайлы заӊға ұсынылған өзгерістер жайлы пікір бөлісті.

Дөӊгелек үстелге "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы төрағасыныӊ орынбасары Иділбек Ерсұлтанов, "Ауыл" ХДПП облыстық филиалы төрағасыныӊ орынбасары Қанат Бегалиев, облыстық ішкі саясат басқармасыныӊ бөлім басшысы Ербол Құлмырзаев пен ҮЕҰ жетекшілері қатысты.

Қызылорда облысыныӊ Азаматтық Альянсы қауымдастығыныӊ жетекшісі Ақтолқын Сунгур Елбасыныӊ билік өкілеттіліктерін бөлісу жайлы Үндеуі мен Жолдауына қатысты пікірін білдірді.

- Биылғы Жолдаудыӊ жаӊалығы көп. Бұл елімізді жаӊа бағытта дамытудыӊ негізі болмақ. Сонымен қатар Елбасы Үндеуіне орай Конституцияға енгізілер өзгерістерді де ел елеӊдеп күтіп отыр,-деді қауымдастық жетекшісі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны