01.05.2017, 21:09 3934

Қызылордада Қазақстан халқыныӊ бірлігі күні аталып өтілуде

1 мамырда Қызылордада Қазақстан халқыныӊ бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Достық үйініӊ алдында "Болашағы біртұтас ұлт-Қазақстан" атты форум өтті. Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев аймақ тұрғындарын мерекемен құттықтады.

Қызылорда. 1 мамыр. Kazakhstan Today - 1 мамырда Қызылордада Қазақстан халқыныӊ бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Достық үйініӊ алдында "Болашағы біртұтас ұлт-Қазақстан" атты форум өтті. Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев аймақ тұрғындарын мерекемен құттықтады.

- Елбасыныӊ сарабдал саясатыныӊ арқасында Қазақстан досИтық пен бірліктіӊ мекеніне айналып қана қоймай, әлемге ырыс пен ынтымақтыӊ ұлағатты үлгісін таныта алдық. Кешегі Сталиндік қуғын-сүргін кезінде Қиыр Шығыстан кәрістер, Еділ бойынан немістер, Солтүстік Кавказдан қарашай-балқарлар, шешен-ингуштар, қырым татарлары мен месхет-түріктер жеті жұртқа мекен болған Сыр өӊірін паналады. Қазақ халқы оларды жатсынбай, дархан көӊілін білдіріп, құшағын айқара ашты. Сыр елі оларға туған үйі бола білді. Қиындық атаулыны жеӊетін бір ғана күш бар, ол - бірлік,- деді облыс әкімі.

Осы күні қалада жалпыхалықтық серуен, орталық алаӊда ұлттық спорт түрінен сайыстар, И.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада "Қазақстан - достық мекені" тақырыбында кітап көрмесі және облыстық тарихи-өлкетану музейінде "Қазақстан халқыныӊ шай ішу дәстүрі" атты көрме ұйымдастырылды. "Сыр ана" монументінен "Тағзым" алаӊына дейінгі аралықта облыс жастарыныӊ "Меніӊ елім" мотожарысы, қалалық мәдениет және демалыс саябағында ашылу маусымы және облыстық филармонияныӊ "Сыр самалы" вокалды-аспаптық ансамблініӊ "Достық әні" концерті өтті.

1 мамыр - Қазақстан халқыныӊ бірлігі мерекесін талай ұлтқа сая болған Сыр елі жұртшылығы ерекше атап өтті.

Бұл күн берекеніӊ арқасында талай белестен өткен қазақстандықтар үшін жарқын болашаққа деген сенімніӊ бастауына, асыға күтер шаттық мейрамына айналды. Тамыры тереӊ достығымыз дәріптелетін осы мерекеде қаланыӊ орталық алаӊында көпшілік серуені ұйымдастырылды. Театр алдындағы сахнада ән шырқалып, арқан тарту, асық секілді ұлттық ойындардан жарыстар өтті. Осы күн алаӊ іргесіндегі балалар алаӊы әткеншек тепкен бүлдіршіндерге толы болды. Ұлдар мен қыздар арасында баскетболдан жарыс ұйымдастырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны