01.03.2017, 11:12 4702

Қызылордада "Қазіргі жаһандық өзгерістер жағдайындағы жаӊа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелері" талқыланды

"Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі кеӊестіӊ бұл жолғы отырысында "Қазіргі жаһандық өзгерістер жағдайындағы жаӊа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелері" талқыланды.

Қызылорда. 1 наурыз. Kazakhstan Today - "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі кеӊестіӊ бұл жолғы отырысында "Қазіргі жаһандық өзгерістер жағдайындағы жаӊа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелері" талқыланды.

Жиынға кеӊес мүшелерімен қатар облыстық ішкі саясат басқармасы басшысыныӊ орынбасары Гүлмира Нұрбаева, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысыныӊ орынбасары Жанат Құрамысова, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы басшысыныӊ орынбасары Жақсылық Оспанов және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртбіндегі мәселе бойынша облыстық тарихи - өлкетану музейі директорыныӊ орынбасары Ж. Құрамысова хабарлама жасады. Ол өз сөзінде заман талабына сай көзі ашық, креативті жас ұрпақ тәрбиелеуде көп жұмыс атқаруымыз қажеттігін атап өтті

Ал облыстық ішкі саясат басқармасы басшысыныӊ орынбасары Г. Нұрбаева бүгінде жаӊа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға ерекше көӊіл бөлініп келе жатқандығына тоқталды. Жастар арасында патриоттық тәрбие мен қоғамдық-саяси сауаттылықты қалыптастыруға басымдық беру қажеттігін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны