17.04.2017, 18:02 4507

Қызылордада қылмыстық процесті оӊтайландыру бойынша пилоттық жоба іске қосылды

ҚР Ішкі істер министрлігі және Бас прокуратураныӊ бірлескен бұйрығыныӊ негізінде үстіміздегі жылдыӊ 1 сәуірінен бастап Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасында "Азаматтар мүддесіне қылмыстық процесті оӊтайландыру" пилоттық жобасы іске қосылды

Қызылорда. 17 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Ішкі істер министрлігі және Бас прокуратураныӊ бірлескен бұйрығыныӊ негізінде үстіміздегі жылдыӊ 1 сәуірінен бастап Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасында "Азаматтар мүддесіне қылмыстық процесті оӊтайландыру" пилоттық жобасы іске қосылды,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Осыған сәйкес, 14 сәуір күні Қызылорда облысы Ішкі істер департаментініӊ бастығы полиция полковнигі Мұхитов Қайрат Болатұлы мен Қызылорда облысыныӊ прокуроры Дауешов Халидулла Зейноллаұлы Қалалық ішкі істер басқармасына барып, аталған жобаныӊ жүзеге асырылу барысымен танысты.

Жобаныӊ басты мақсаты - қылмыстық істер бойынша азаматтарды тергеу органына қайта-қайта шақыртумен әуреге салмай, кінәсін толық мойындаған және келтірген шығынныӊ мөлшерімен келісіп отырған күдіктілерге қатысты жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жеделдетілген түрде аяқтап, сотқа жолдау.

Осы жобаны іске асыру үшін, Қалалық ішкі істер басқармасы ғимаратында бейнебақылау камераларымен жабдықталған, арнайы әйнекпен қоршалған жауап алу кабинеттері ашылды. Тергеп-тексеру жұмыстарыныӊ ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жауап алу барысы бейнекамераға жазылады. Сондай-ақ қалалық прокуратурасыныӊ екі қызметкері Қалалық ішкі істер басқармасыныӊ ғимаратында орналасқан прокурорлар кабинетінде күнделікті қылмыстық істерді зерделеп, тергеушіге бағыт-бағдар беріп, тергеуі аяқталған іс-құжаттарын қысқа мерзімде зерделеп, дәлелдік негізін анықтап, сотқа жолдануын қамтамасыз етуде.

Жоба шеӊберінде жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексерумен - 34 қылмыстық іс және хаттама нысанында 3 қылмыстық іс сотқа жолданған.

Қазіргі таӊда өндірісте 11 қылмыстық іс жоба шеӊберінде аяқталып, сотқа жолдануы жоспарлануда.

Прокуратура мен ішкі істер органдарыныӊ бірлесіп атқарған жұмыстары нәтижесінде осы Жобаныӊ жұмысы ары қарай жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны