Система Orphus

Қызылордада "Кітаптар сөйлейді" атты кітап көрмесі өтті

05.04.2017, 19:15 2974

Қызылорда. 5 сәуір. Kazakhstan Today - И.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 4-14 сәуір аралығында қорға жаӊадан түскен кітаптарды насихаттау мақсатында "Кітаптар сөйлейді" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге түрлі сала бойынша кітаптар қойылды.

Оқырмандарға "Тәуелсіздік толғаныстары" сериясымен жарық көрген бірнеше автордыӊ кітабы ұсынылды. Атап айтсақ, Көлбай Адырбектіӊ "Тәуелсіздікке талпыныс", Марат Тоқашбаевтыӊ "Жан дауыс", Илсейіт Оспанныӊ "Сезім сәулесі", Рысбек Үркімбайдыӊ "Елі үшін еміренгендер", Серік Пірназардыӊ "Парасат пен пайым", Айтбай Сәулебектіӊ "Қамшысөз", Амантай Ахетовтыӊ "Жеӊіс перзенттері", "Жас толқын" сериясымен шыққан Мерген Тоқсанбайдыӊ "Мен біреуді сағынамын...", Ерқанат Қуатбекұлыныӊ "Бағым бүрлеп, толғанда қырым гүлге" кітаптары, Смағұл Елубайдыӊ "Ақ боз үй" екі томдық таӊдамалы шығармалар жинағы, Нүкеш Бәдіғұлдыӊ "Сағым бейне",Сара Ләтиеваныӊ "Туған жердіӊ түтіні", Бақытбек Бәмішұлыныӊ "Ажалсыз адам", Гүлтас Сайынқызыныӊ "Қоӊырау", Ақан Нұрмановтыӊ "Құланныӊ ажалы", Қайсар Илімніӊ "Кәусар", Садықбек Хангелдинніӊ "Керуен", Жарылқап Бейсенбайұлыныӊ "Шоқан Уәлиханов", Нұрлан Оразалинніӊ және Байғали Есенәлиевтіӊ шығармалар жинағы, Бақытбек Смағұлдыӊ "Тағдыр тозағы", көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтыӊ лауреаты, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Несіпбек Айтұлыныӊ қаламынан туған сүбелі сөз, шынайы толғаныстар топтастырылған "Бостандық жырыныӊ бозжорғасы", т.б. кітаптар қойылды.

Жалпы көрмеге түрлі саланы қамтитын 122 дана кітап қойылды. Көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Шараға 100-ден аса оқырмандар қатысып, жаӊа әдебиеттермен танысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны