29.05.2008, 16:05 2719

Қызылордада қоғамдық көліктердің жүргізушілері жанар-жағармайдың күрт қымбаттауына қарсылық білдірді

Қызылордада қоғамдық көліктердің жүргізушілері жанар-жағармайдың күрт қымбаттауына қарсылық білдірді

Қызылорда. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қызылордада 28 мамырда қоғамдық көліктердің жүргізушілері жанар-жағармайдың күрт қымбаттауына қарсылық білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, наразылық шарасына қатысушылар "Ақмешіт" ықшамауданы, Тасбөгет кенті мен "Шұғыла" ықшамауданындағы ҚІІБ жанында жиналды. Жүргізушілер жанармай мен дизельдік отын бағасының шарықтай түсуіне наразылық білдірді. Олар не жанар-жағармайдың бағасын төмендетуді, немесе, жолақы құнын көтеруді талап етті.

Жүргізушілермен кездесуге қала басшылығы, құқық қорғау органдары мен қалалық прокуратура өкілдері келді.

"Біз жанар-жағармай бағасының қымбеттауы транспорттың жұмысына кері әсерін тигізіп отырғанымен келісеміз", -деді Қызылорда әкімінің орынбасары Батыржан Қаракөзов. Оның айтуынша, бағытта автобустар мен таксилердегі жолақы құны (30 - 35 теңге) осыдан бір жарым жыл бұрын белгіленген. Осы мерзімде жанар-жағармай бағасы шамамен екі есе өсті.

"Мәселен, "халықтық" аталатын АИ-80 жанармайының бағасы 60-тан 88 теңгеге дейін өсті. Солярканың бағасы 50 теңгеден 90 - 95 теңгеге дейін жетті", - деді ол.

"Наразылық шарасын өткізуге билік тарапынан рұқсат берілмегеніне қарамастан, мұндай оқиғаның алғаш рет болғанын ескерген прокуратура оны ұйымдастырушыларға қарсы қандайбір түбегейлі шара қолданбауға шешім қабылдады", - деп мәлімдеді қызылорда қаласының прокуроры Нұрлан Бижанов.

"Кездесу қорытындысы бойынша комиссия тасымалдаушылар қызметі нарығындағы ахуалға талдау жасайды деп шешілді. Комиссияның нұсқаулары маусымға белгіленген кезекті тендерді өткізуде ескеріледі", - деді қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны