11.05.2017, 15:48 4578

Қызылордада көп балалы аналар марапатталды

Мемлекеттік награда табысталғандардыӊ 8-і "Алтын алқа" және 32 - і "Күміс алқа" иеленді. Олардыӊ ішіндегі жасы еӊ үлкені 80 жаста болса, жас батыр ана 32 жаста.

Қызылорда. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Отан қорғаушылар күні және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ құрылғаныныӊ 25 жылдық мерейтойына орай Қызылорда қаласы әкімініӊ орынбасары Шахмардан Байманов қаладағы 40 батыр анаға Елбасыныӊ Жарлығымен "Алтын алқа" және "Күміс алқа" мемлекеттік наградаларын табыстады.

- Ғалым да, ақын да, батыр да, дана да анадан туады. Бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен аяулы аналарды құрметтеу бұл біздіӊ перзенттік парызымыз.

Ерлермен иық теӊестіріп, батырларға тән ерліктерімен аӊызға айналған аналарымыз да аз емес. Сондықтан, батыр ана атанып "барым балам үшін" деген Сіздерді, бүгінгі күнніӊ нағыз батырлары ретінде мақтан етеміз, - деді қала әкімініӊ орынбасары.

Мемлекеттік награда табысталғандардыӊ 8-і "Алтын алқа" және 32 - і "Күміс алқа" иеленді. Олардыӊ ішіндегі жасы еӊ үлкені 80 жаста болса, жас батыр ана 32 жаста.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны