27.09.2017, 23:44 6783

Қызылордада "Қорқыт және Ұлы дала сазы" атты фольклорлық музыкалық өнер фестивалі өтеді

27-29 қыркүйек күндері Қызылордада "Қорқыт және Ұлы дала сазы" атты фольклорлық музыкалық өнер фестивалі өтеді. Бұл шараны жергілікті әкімдік пен халықаралық "ТҮРКСОЙ" ұйымы бірлесе ұйымдастырып отыр.

Қызылорда. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылордада Қорқыт мұраларын насихаттау, талантты балалар мен жастарға қобыз үйретіп, оларды ұлы бабадан мұра болған аспаптыӊ сүйемелдеуімен терме-толғаулар айтуға баулу мақсатында "Қорқыт. Қобыз" музыкалық жобасы дайындалды. Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысыныӊ орынбасары Жанат Құрамысова хабарлады.

Алда осы жоба бойынша мәдениет үйлері мен клубтарда "Қорқыт. Қобыз" ұлттық бірлестіктері мен үйірмелері құрылатын болады.

Сонымен қатар, 27-29 қыркүйек күндері Қызылордада "Қорқыт және Ұлы дала сазы" атты фольклорлық музыкалық өнер фестивалі өтеді. Бұл шараны жергілікті әкімдік пен халықаралық "ТҮРКСОЙ" ұйымы бірлесе ұйымдастырып отыр.

Облыс жұртшылығы қазан айында халық батыры Текей Қарпықұлыныӊ 350 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы мен батырлық дастан орындаушылар конкурсын тамашалай алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны