13.05.2017, 17:46 4507

Қызылордада күзет қызметкерініӊ арнайы нысанды киімін заӊсыз киіп жүргені үшін 3 азамат жауапкершілікке тартылды

ОІІД Күзет қызметін бақылау бөлімімен арнайы нысандық киім кию тәртібін бұзған азаматтарды жауапкершілікке тарту бағытында жұмыстар жалғасатын болады,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Қызылорда. 13 мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы 2016 жылғы 22 желтоқсанда "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊға қол қойып, соныӊ негізінде Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және "Күзет қызметі туралы" Заӊға өзгерістер енгізілген болатын.

Атап айтқанда, ИҚБтК-ніӊ 675-бабында жеке күзет ұйымыныӊ күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерініӊ арнаулы киімін оған құқығы жоқ адамдардыӊ заӊсыз киіп жүргені (пайдалану) үшін жеке адамдарға әкімшілік-құқықтық ықпал ету шарасы көзделетіндігі көрсетілген.

Заӊ талабын іске асыру мақсатында жыл басынан Қызылорда ОІІД Күзет қызметін бақылау бөлімі мен аймақтық полиция инспекторлары бірлесіп күзет ұйымы қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, заӊ талаптарына бағынбаған жағдайда көрілетін жауапкершілік жайын түсіндірді.

Дегенмен, тиісті тексеріс жұмыстары барысында заӊбұзушылыққа жол берген азаматтар да анықталды. Атап айтқанда, мемлекеттік емес ұйымдарда қарауыл болып жұмыс атқаратын Қызылорда қаласыныӊ үш тұрғыны күзетшілерге тиесілі "КҮЗЕТ" деген жазуы бар арнайы нысанды киімін киіп жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты ҚР ИҚБтК-ніӊ 675-бабы 3-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

ОІІД Күзет қызметін бақылау бөлімімен арнайы нысандық киім кию тәртібін бұзған азаматтарды жауапкершілікке тарту бағытында жұмыстар жалғасатын болады,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны