10.04.2017, 18:01 4959

Қызылордада медициналық орталықтыӊ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қызмет көрсету сапасын тексерілді

Қызылордалық нұротандықтар облыс халқына арналған медициналық орталықтыӊ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қызмет көрсету сапасын тексерді.

Қызылорда. 10 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылордалық нұротандықтар облыс халқына арналған медициналық орталықтыӊ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қызмет көрсету сапасын тексерді.

Партияныӊ "Кедергісіз келешек" жобасы аясында ұйымдастырылған шараға облыстық филиал басшылығы мен жауапты қызметкерлері, партиялық бақылау комиссиясыныӊ мүшелері, облыстық мүгедектер қоғамыныӊ жетекшісі, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, денсаулық сақтауды қадағалау департаментініӊ мамандары, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

"Өткен жылы партияныӊ облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтыӊ төрағалығымен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау саласындағы облыстық үйлестіру кеӊесініӊ отырысы өтті. Онда кембағал жандардыӊ құқықтарын қорғау, өмір сүру сапасын жақсарту туралы 2016-2017 жылдарға арналған "Жол картасы" қабылданды. Оныӊ орындалуын бақылау нұротандықтарға тапсырылды. Бүгінде партия филиалдары жанынан құрылған Қоғамдық бақылау топтары бақылау жұмыстарын тұрақты жүргізіп жатыр", - дейді облыстық партия филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев.

Рейд барысында облыстық медициналық орталығыныӊ қызметі жұмыс тобы мүшелерініӊ көӊілінен шықты. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділік жағдайы қажетті деӊгейде. Олардыӊ жүріп-тұруымен қатар, емдеу шаралары да назардан тыс қалмаған. Бұл туралы орталықтыӊ бас директоры Сәбит Пазылов өзі баяндап берді.

"Бізде нейроинсульттік орталықта мүмкіндігі шектеулі азаматтар да ем алады. Орталық жанында олардыӊ емделуі мен демалуына арналған арнайы парк жасақталған. Онда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін түрлі спорттық қондырғылар қойылған. Қолымыздан келгенше орталыққа келетін мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін барлық жағдайды жасап жатырмыз", - дейді бас дәрігер Сәбит Пазылов.

Ал өӊірдегі әлеуметтік нысандардыӊ мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бейімділігін қадағалауды нұротандықтар жүйелі жүргізіп келе жатқанын айтқан комиссия мүшесі, облыстық мүгедектер қоғамыныӊ төрағасы Мұрат Жұмаділлаев "Топ жыл басынан бері 114 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 56 нысанныӊ талапқа сай еместігі анықталып, тиісті органдарға шара қолдану жөнінде ұсыныстар жолданды. Келешекте де осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады", - деді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны