Система Orphus

Қызылордада мектепке газ шашқан оқушылар болуы мүмкін

16.04.2015, 10:16 2633

Қызылорда. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылордада оқыс оқиға! Мұнда 81 оқушы мен 2 мұғалім газдан уланып қалды. Оқыс оқиға Қалтай Мұхамеджанов атындағы мектеп-гимназияда болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ақманат Ниятова, оқушыныӊ анасы:

-Үлкен қызым, 6-шы сынып оқушысы Имірхан Сара хабарласты. Басым ауырып тұр. Біздіӊ мектепте газдыӊ иісі шығып жатыр деді. Жұмыстан жедел жеткеннен кейін қызымныӊ екі көзі қызарып, басы айналып тұрғанын көрдім, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Екінші ауысым кезінде мектеп ғимаратындағы белгісіз улы иістен оқушылар өздерін жайсыз сезініпті. Балалар дереу қауіпсіз жерге шығарылып, жедел жәрдем шақырылған. Біразына сол жерде көмек көрсетілгенімен, 47 оқушы әлі де дәрігерлердіӊ бақылауында. Қалғандары үйіне жіберілген. Мектеп басшылығы білім ошағындағы төтенше жағдайды сотқар оқушылардыӊ әрекеті деп отыр. Десе де, 81 оқушы мен 2 ұстаздыӊ улануыныӊ нақты себебін Астанадан жеткен мамандар анықтайтын болады. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны