04.05.2017, 16:03 5110

Қызылордада мектепке "Латын әліпбиініӊ негіздері" деген пән қосу туралы ұсыныс білдірілді

Шараға тіл жанашырлары, жоғары оқу орындарыныӊ филолог-ғалымдары, білім, мәдениет салалары мен тілдерді оқыту орталығыныӊ қызметкерлері, қаладағы алдыӊғы қатарлы мектептердіӊ мұғалімдері және қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестіктерініӊ жетекшілері қатысты.

Қызылорда. 4 мамыр. Kazakhstan Today - И.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен "Самұрық" инновациялық идеяларды дамыту орталығы" қоғамдық қорыныӊ ұйымдастыруымен Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласында айтылған мәселелердіӊ өзектілігі, көтерілген тақырыптардыӊ салмақтылығы жайлы талқылау өткізілді.

Шараға тіл жанашырлары, жоғары оқу орындарыныӊ филолог-ғалымдары, білім, мәдениет салалары мен тілдерді оқыту орталығыныӊ қызметкерлері, қаладағы алдыӊғы қатарлы мектептердіӊ мұғалімдері және қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестіктерініӊ жетекшілері қатысты.

Дөӊгелек үстелді Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасыныӊ қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к.Абасилов Аман Мәделханұлы жүргізіп отырды.

Шара барысында мақаланыӊ негізгі бағыттары бойынша Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дыӊ ұстаз ғалымдары Ж.Сәдуақасұлы, А.Абасилов, "Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы" қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалыныӊ төрағасы С.Аӊсат, ақын, сазгер Д.Торғаева, жазушылар С.Жұбатырұлы, Н.Рахмет, "Өрлеу" педагогикалық қызметшілердіӊ біліктілігін арттыру облыстық институтыныӊ кафедра меӊгерушісі, философия ғылымдарыныӊ докторы, профессор Б.Қожамберлиев, №10 дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-Инновация" лицей-интернатыныӊ қазақ тілі мен әдебиеті пәнініӊ жоғары санатты мұғалімі Н.Есбосын сөз сөйлеп, Елбасы мақаласындағы жобаларды жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарға атсалысуға, бастамаларды қолдауға байланысты ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Шара барысында ақын, сазгер тіл жанашыры Ділдахан Торғаева Елбасыныӊ мақаласында көтерілген мәселелер бойынша халық арасында кеӊінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әсіресе, латын әліпбиіне көшу жұмыстары қарқынды жүргізу қажеттігін айта келе, сөзініӊ соӊын туған жерге арнаған өлеӊ шумақтарымен аяқтады. Сонымен қатар, А.Абасилов латын әліпбиіндегі дыбыстарды азайту және де мектепке "Латын әліпбиініӊ негіздері" деген пән қосу туралы ұсынысын білдірсе, Н.Есбосынныӊ аталмыш мақала төӊірегінде "Kahoot" бағдарламасына енгізген сұрақтары бойынша жүргізген жұмысы дөӊгелек үстелге қатысушылардыӊ қызығушылығын тудырып, отырыстыӊ маӊыздылығын арттыра түсті.

Жиын соӊында облыстық ішкі саясат басқармасыныӊ бөлім басшысы Л.Есімова Елбасыныӊ мақаласынан туындайтын тапсырмаларды орындау бағытында сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталса, облыстық тілдерді оқыту орталығыныӊ директоры Н.Мұсаева тіл жанашырларына, қонақтарға ғалымдардыӊ тіл мәселелерін, ұлттық дәстүрді насихаттау бағытындағы зерттеу жұмыстары жайлы оқулықтарды тарту етті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны