27.02.2018, 17:20 8141

Қызылордада мұнай ұрлығы бойынша 21 адамға қатысты қылмыстық іс бойынша сот басталды

Қызылорда облысыныӊ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мұнай ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыӊдау өткізілді

Қызылорда. 27 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін, 27 ақпан 2018 жылы, Қызылорда облысыныӊ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мұнай ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыӊдау өткізілді.

21 сотталушыныӊ 12-сі қамауға алынған. Сотталушылардыӊ ішінде Қызылорда қаласыныӊ кәсіпкерлері, мұнай компанияларыныӊ және күзет фирмаларыныӊ қызметкерлері, сонымен қатар, оларға "қамқорлық" көрсеткен құқық қорғау органдарыныӊ лауазымды тұлғалары бар.

Сотталушылардыӊ мүдделерін 21 адвокат және 7 қоғамдық қорғаушы қорғайтын болды. Қылмыстық іс бойынша сотталушылар бірнеше баптармен айыпталған.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексініӊ 262-бабы (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу), 197-бабы (мұнайдыӊ және мұнай өнiмдерiніӊ шығарылу заӊдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өӊдеу), 188-бабы (ұрлық), 355-бабы (құбырларды қасақана зақымдау немесе қирату), 361-бабы (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану), 287-бабы (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заӊсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру).

Еске сала кетейік, 2017 жылдыӊ 16 мамырында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесе, еліміздіӊ бірнеше облыстарында заӊсыз мұнай айналымына қатысы бар қылмыстық топтардыӊ құқыққа қайшы әрекеттерініӊ жолын кескен болатын. Қызылорда облысыныӊ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны