17.03.2017, 10:51 4159

Қызылордада "Наурыз мерейі" қайырымдылық шарасы өтті

Қызылорда облысы әкімдігініӊ Ұлыстыӊ Ұлы күні - Наурыз мейрамын мерекелеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қызылорда облысыныӊ Иділет органдарыныӊ ұйымдастыруымен ағымдағы жылдыӊ 16-17 наурыз күндері "Наурыз мерейі" атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Қызылорда. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы әкімдігініӊ Ұлыстыӊ Ұлы күні - Наурыз мейрамын мерекелеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қызылорда облысыныӊ Иділет органдарыныӊ ұйымдастыруымен ағымдағы жылдыӊ 16-17 наурыз күндері "Наурыз мерейі" атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Алдымен Отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барып, спорттық киімдер табысталып, тәттілер таратылды. Шара барысы Қызылорда қаласы №2 облыстық балаларды оӊалту орталығында жалғасын тауып, сол өмірдіӊ тыныс-тіршілігін көзбен көріп, мүмкіншіліліктері шектелген балалардыӊ дамуын жетілдіруге арналған "Монтессори" әдісімен емдеу құралдары табысталып, сәбилер мол қуанышқа кенелтілді. Сондай-ақ, тұрмысы төмен, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, көп балалы 3 отбасы азық түлекпен қамтылды. Мұқтаж жандар қатарынан 7 бала тәрбиелеп отырған Мадиаровтар отбасы, 5 бала тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана А.Мұханова, 4 бала тәрбиелеп отырған А.Досмағамбетова қайырымды жандарға өз алғыстарын білдіріп, келе жатқан наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі лебіздері мен ризашылықтарын білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны