14.09.2016, 13:06 3221

Қызылордада "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 350 пәтердіӊ құрылысы аяқталуға жақын

"Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасы шеӊберінде салынған әлеуметтік үйлердіӊ пайдалануға берілуі қазан айына жоспарланған. Тұрғын үйлер "Сәулет" шағын ауданында орналасқан, жаӊа пәтерлердіӊ ауданы 21 мыӊ шаршы метрден асады.

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Бәйтерек" холдингі өз еншілес ұйымы "Бәйтерек девелопмент" АҚ арқылы Қызылорда қаласында "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 350 пәтерден тұратын жеті тұрғын үйдіӊ құрылысын аяқтауда, деп хабарлады холдингтіӊ баспасөз қызметі.

"Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасы шеӊберінде салынған әлеуметтік үйлердіӊ пайдалануға берілуі қазан айына жоспарланған. Тұрғын үйлер "Сәулет" шағын ауданында орналасқан, жаӊа пәтерлердіӊ ауданы 21 мыӊ шаршы метрден асады.

"Бәйтерек девелопмент" АҚ Қызылорда қаласында жалпы ауданы 96 мыӊ шаршы метрден асатын 1470 пәтер құрылысына жеке құрылыс салушыларымен 7 инвестиция шартын жасасты. Тұрғын үй кешендерін пайдалануға беру 2016 - 2017 жылдарға жоспарланған. Пәтерлер екі бағыт бойынша өткізіледі: "Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ желісі бойынша кредиттік тұрғын үй және жергілікті атқарушы органдар арқылы жалға берілетін тұрғын үй.

Банк салымшылары үшін бір шаршы метрдіӊ бағасы 141 мыӊнан 149 мыӊ теӊгеге дейін (объектіге байланысты) құрайды. Жалға берілетін тұрғын үй әкімдіктерде пәтер алу кезегінде тіркелген, әлеуметтік әлсіз топтарға жататын азаматтарға беріледі.

2016 жылғы 15 қыркүйекте "Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ ("Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы) Қызылорда қаласында "Бәйтерек девелопмент" АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй алуға салымшылардан өтінімдер қабылдауды аяқтайды.

Бұдан басқа, "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша басқа да өӊірлерде салынып жатқан бірқатар нысанныӊ құрылысы қарқынды жүріп жатыр немесе аяқталып қалды. Ағымдағы жылдыӊ соӊына дейін Қызылорда, Тараз, Шымкент, Орал, Ақтөбе және Семей қалаларында 207 мыӊ шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға тапсырылады деп жоспарланып отыр.

"Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы "Бәйтерек девелопмент" АҚ Қазақстанныӊ 13 өӊірінде тұрғын үй объектілерін салуға 40 шарт жасасты. Компания алдағы екі жыл ішінде республика бойынша жалпы ауданы шамамен 456 мыӊ шаршы метрді құрайтын 7 500 пәтер салу үшін шарттарға қол қойды. Компания 2016 - 2017 жылдары Қазақстан бойынша 691 мыӊ шаршы метрден астам тұрғын үй салуды жоспарлайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны