20.04.2017, 15:09 6222

Қызылордада облыстық ХІХ "Бозторғай" балалар шығармашылығы конкурсы өтті

Қызылордада екі күн қатарынан облыстық ХІХ "Бозторғай" балалар шығармашылығы конкурсы өтті. Оған аудандар мен қаладағы іріктеу кезеӊініӊ 500-ден астам жеӊімпазы қатысты.

Қызылорда. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылордада екі күн қатарынан облыстық ХІХ "Бозторғай" балалар шығармашылығы конкурсы өтті. Оған аудандар мен қаладағы іріктеу кезеӊініӊ 500-ден астам жеӊімпазы қатысты. Шараныӊ шымылдығы 12 сәуір күні А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде түрілді.

Биылғы байқаудыӊ ерекшелігі көркемсөз оқу сайысыныӊ бағдарламаға енгізілуі болды. Одан бөлек, балалар ән, хореография және халықтық орындау жанрлары бойынша бақ сынады. Қатысушыларға облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығыныӊ директоры Сәбит Амангелдиев сәттілік тіледі.

1999 жылы Алматы қаласында басталып, 2003 жылдан былай халықаралық мәртебесін алған өнер сайысында бұл жолы ҚР еӊбек сіӊірген қайраткері Рамазан Тайманов, ҚР еӊбек сіӊірген қызметкері Илмырза Ноғайбаев, ҚР мәдениет қайраткері Жұмабек Аққұлов, композитор Сәбит Ұлықпанұлы секілді мамандар төрелік етті. Шараныӊ алғашқы күнінде қатысушылар вокалдық қабілеттерін дәлелдеп, халықтық шығармаларды нақышына келтіріп орындауға күш салды. Ал ертеӊіне балалар көркемсөз оқып, билеуден бақтарын сынады.

Байқау осы күні түс ауа мәресіне жетті. Иртүрлі жас шамалары бойынша бас жүлдені ән жанрында Иділжан Дәуренұлы, Аякөз Аралбайқызы, Салтанат Ибдіқали, ал көркемсөз оқу жанрында Нұрқожа Тілек, Сандуғаш Нұрланқызы, Сәния Жақыпова алды. Халықтық орындау жанрында Елмұра Сабыр, Мая Жалғасбаева мен Мұхамеддин Көшербайға теӊ келер ешкім болмады. "Бегім Ана" балабақшасыныӊ балғындары, шиелілік "Жас дәурен", жалағаштық "Алтын арай" би топтары хореография бағыты бойынша үздіктер қатарынан көрінді. Олар мамыр айында Алматыда өтетін халықаралық байқауға қатысады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны