26.04.2017, 15:52 3962

Қызылордада облыстық мәслихаттағы "Нұр Отан" партиясы депутатық фракциясыныӊ кеӊейтілген отырысында Елбасыныӊ бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттер талқыланды

Қызылордада облыстық мәслихаттағы "Нұр Отан" партиясы депутатық фракциясыныӊ кеӊейтілген отырысы өтті. Күн тәртібінде Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттер талқыланды.

Қызылорда. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылордада облыстық мәслихаттағы "Нұр Отан" партиясы депутатық фракциясыныӊ кеӊейтілген отырысы өтті. Күн тәртібінде Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттер талқыланды.

Партия облыстық филиалыныӊ мәжіліс залында өткен жиынға облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарыныӊ мүшелері, партия ардагерлері мен белсенділері қатысты.

Отырысты ашқан фракция жетекшісініӊ орынбасары Райкүл Байназарова:

"Қазіргі әлемніӊ даму бағытын алдын ала болжауға болмайтын бұлыӊғыр кезеӊде Мемлекет басшысы жариялаған бұл мақаланыӊ тарихи маӊызы ерекше. Елбасы бұған дейін алдағы экономикалық, саяси жаӊғыруға арналған нақты бағыттарды өзініӊ Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындап берді. Енді осы мақала арқылы ұлтымыздыӊ рухани болмысын түгендеп, тарихи тағылым арқылы дамудыӊ тыӊ тетіктерін көрсетіп отыр. Бүгінде біз әлемдік өркениеттіӊ еӊ озық дәстүрлерінен болмысымызға сай тұстарын игеріп, өз руханиятымызды дәріптейтін деӊгейге көтерілдік", - деп атап өтті.

Өз кезегінде "Нұр Отан" партиясы облыстық "Теміржол" филиалыныӊ төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Амангелді Арысбаев: "Бұрын техника, экономика бәрін шешеді деп ойлаушы едік. Қазір бәрі өзгеріп жатқан заманда, ұлттық санаға ерекше мән берілуде. Егер халық өте білімді болса, ол кез келген нәрсеге тез бейімделетін болады. Сондықтан, біздіӊ санамыз ісімізден бұрын жаӊғырып отыруы тиіс", - деді.

Елбасы мақаласындағы ұлтты ұйыстыратын "Туған жер" бағдарламасына назар аударған облыстық мәслихат депутаты Жанкелді Ысқақов оныӊ нағыз патриоттық және рухани тәрбиеніӊ нышаны екенін жеткізді. "Президент "жаӊғырған қоғамныӊ өзініӊ рухани коды болады", деді. Жаӊғыртудыӊ еӊ басты шарты - сол ұлттық кодты сақтай білу. Ол дегеніміз Қазақстанныӊ ұлан-ғайыр жерімен, аса бай рухани тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрлері", - деді Ж.Ысқақов.

Жиынды қортындылаған Р.Байназарова стратегиялық құжатта қазақ елі қалай дамиды, қоғам қалай ілгерілейді деген көп сауалға жауап берілгендігін айтып, жиылғандарды еліміздіӊ қайта түлеуіне бағытталған бастамаларды жұмыла жүзеге асыруға шақырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны