04.12.2007, 15:33 2650

Қызылордада облыстың шекараларын өзгерту мәселесі талқылануда

Қызылордада облыстың шекараларын өзгерту мәселесі талқылануда

Қызылорда. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құл-Мухаммед бүгін Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясына "Қызылордада облыстың шекараларын өзгерту туралы" мәселені енгізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құл-Мухаммед "Қарағанды облысындағы жалға берілетін жерлерді облыстың иелігіне беру" жөнінде ұсыныс жасады. Бұл облыстардың арасындағы әкімшілік-аумақтық шекаралардың өзгеруіне алып келмек". Мұндай шешімді облыстық мәслихаттардың пікірін ескере отырып Қазақстан үкіметі қабылдайтындықтан, өңір басшысы бұл мәселені кезектен тыс сессияға енгізіп отыр.

Мәлихат депутаттары президент пен үкіметке жолданған өтінішті бір дауыстан қолдады. "Жерді жалға беру проблемасын оңды шешу Қызылорда облысының әлеуметтік -экономикалық дамуына тікелей әсер етеді, - деді сессияға қатысушылар. - Мәселен, өңір экономикасында күріш өнімдерінің үлес салмағы бар-жоғы үш процентке тең. Облыстық бюджетке түсетін салықтар мен басқа да түсімдердің басым бөлігін мұнайгаз саласының аударымдары құрайды. Бірінші кезекте бұл Құмкөл кенішін игеруші үш компания - "Петро Қазақстан", "Торғай-Петролеум", "Қазгермунай" аударымдары.

Облыстық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Құдайбергеновтың брифингте журналистерге түсіндіріп өткеніндей, "сонау 1959 жылы көршілес Қарағанды облысының 2,2 млн га жері белгілі мерзімге Қызылорда облысына жалға берілді". Үкімет бұдан кейін оның мерзімін бірнеше мәрте ұзартқан. 1985-жылы қабылданған соңғы құжатқа сәйкес, жалға алу мерзімі 2009 жылы аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны