12.05.2017, 14:14 5122

Қызылордада "Өӊірдіӊ тұрақты дамуы үшін роботтар құрастыру" тақырыбында аймақтық турнир ұйымдастырылды

Роботты техниканы оқушылар арасында насихаттау және дамыту мақсатында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебініӊ базасында роботты техникадан "WRO-2017" халықаралық олимпиадасыныӊ аймақтық турнирі ұйымдастырылды.

Қызылорда. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Роботты техниканы оқушылар арасында насихаттау және дамыту мақсатында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебініӊ базасында роботты техникадан "WRO-2017" халықаралық олимпиадасыныӊ аймақтық турнирі ұйымдастырылды.

Халықаралық олимпиаданыӊ аймақтық турнирлері үшін биылғы тақырып "Өӊірдіӊ тұрақты дамуы үшін роботтар құрастыру" болып отыр. Осы бағытта келесі кезеӊ жолдамасын 22 команда сарапқа салды.

Түрлі категориялар бойынша 50-ге жуық оқушы бақ сынады. Жарыс шарты бойынша негізгі категорияда конкурсанттар роботты жинап, бағдарламалауға тиіс болған. Бұл категорияда НЗМ оқушылары озық шықты.

Ал шығармашылық конкурс қоршаған орта климатын өзгертіп, экожүйені жақсартуға арналған жобаларға арналды.

Бұл конкурста №9 білім-инновация лицейініӊ оқушылары Ийгерім Жақсылық пен Кәмшат Жармахан көгалдандыру ісіне көп септігін тигізетін ерекше робот-бағбан құрастырды. Автоматты құрылғы көшеттерді өз бетінше еге алады.

НЗМ оқушылары Илихан Шәкіман мен Владимир Юнніӊ жобасы да көпшіліктіӊ қызығушылығын тудырды. Қалаға экскурсия жасау үшін жерасты метросын құрастырған олар қазылар шешімімен бірінші орын иеленді.

"Сумо" және "Кегельринг" конкурстары бойынша қатысушылар қарсылас роботтыӊ кеглін өз бетінше қозғала алатын құрылғы ойлап табуы тиіс болатын. Бұл сында еӊ жас конкурсант Жарқынбек Ахметов бастаған команда барлық талаптар деӊгейінен көрініп, 2 орын иеленді.

Турнирде озық шыққан командалар биыл жазда "WRO-2017" олимпиадасыныӊ республикалық кезеӊіне қатысады. Ол сынныӊ үздіктері Коста-Рикада өтетін халықаралық олимпиадада ел намысын қорғайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны