30.05.2017, 18:30 4000

Қызылордада "Өзгерістерге ұмтылыс" атты мүгедек кәсіпкерлерге арналған бірінші форум өтті

Қызылордада "Өзгерістерге ұмтылыс" атты мүгедек кәсіпкерлерге арналған бірінші форум өтті. Форумды облыс әкімдігініӊ қолдауымен "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" ұйымдастырып отыр. Оныӊ ашылу салтанатында Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаев пен "Даму" Қорыныӊ басқарма төрағасы Абай Сарқұлов сөз сөйледі.

Қызылорда. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылордада "Өзгерістерге ұмтылыс" атты мүгедек кәсіпкерлерге арналған бірінші форум өтті. Форумды облыс әкімдігініӊ қолдауымен "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" ұйымдастырып отыр. Оныӊ ашылу салтанатында Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаев пен "Даму" Қорыныӊ басқарма төрағасы Абай Сарқұлов сөз сөйледі.

- Мемлекет басшысы мүгедек жандарға қамқорлық жасауды әлеуметтік саладағы басты міндеттердіӊ бірі ретінде үнемі айтып келеді.

Бұл ретте мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты көмектесіп, оларды белсенді тірлікке тарту, жұмыспен қамтуға қатысты шаралар арнасын кеӊейту жүзеге асырылуда.

Мүгедектер қоғамыныӊ басты міндеті - еӊ алдымен, мүмкіндігі шектеулі жандардыӊ мұӊ-мұқтажына толық жауап беру және әлеуметтік қорғау болып табылады.

Біздіӊ елімізде мүгедек жандар үшін қандай да бір кедергілер болуы тиіс емес. Олардыӊ қатары қазіргі сәтте облыста 28 мыӊнан (оныӊ ішінде: 1 топ - 2791, 2 топ - 11006, 3 топ - 9929, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар - 4813) асып отыр.

Мүмкіндігі шектеулі жандардыӊ өмір сүру деӊгейін жақсарту бойынша мақсатты және жүйелі жұмыстарды жалғастыру мақсатында үстіміздегі жылдыӊ наурыз айында мүгедектердіӊ құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған Жол картасы бекітілген, - деді аймақ басшысы.

Іс-шара барысында облыс әкімі мемлекеттік бағдарламалар мен "Даму" Қорыныӊ жобаларына қатысып, өз бастамаларын сәтті жүзеге асыра білген ерекше мүмкіндіктегі кәсіпкерлерге алғыс хаттар табыстады. Сондай-ақ, "Даму-Көмек" жобасы бойынша демеушілік көмек те табысталды.

Форум аясында мүгедектігі бар кәсіпкерлердіӊ қолынан шыққан түрлі тауар мен өнімдер, қызмет түрлерініӊ көрмесі ұйымдастырылды. Жиырмадан аса компания кәде сыйдан құрылыс заттарына дейінгі алуан түрлі өнімдер ұсынды. Олардыӊ ішінде - аймақта бәсекелесі жоқ, болат арқан мен ілмектер шығаратын жалғыз кәсіпкер Ерніс Төлендиев те болды. Ол несие рәсімдеу барысында кепілмүлкі жетіспеушілігі мәселесін қордыӊ кепілдендіруімен оӊ шешіп, кәсіпорынныӊ өндіріс көлемі едәуір артты.

-Форумныӊ басты мақсаты-мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер арасында табысты кәсіпкерлікті дәріптеу және оныӊ дамуына колайлы жағдай жасау. Бүгінгі іс-шараға қатысушылар - тағдырдыӊ тауқыметіне мойымай, қоғамда өз орнын таба білген және өзін жұмыспен қамтумен шектелмей, өзгені де тұрақты жұмысқа алып, кәсіптерін дөӊгелентіп отырған азаматтар. Бүгінгі форум мүгедектігі бар азаматтар мен табысты кәсіпкерлер арасында тәжірибе алмастыру бағытындағы маӊызды, әрі тиімді диалог алаӊы ретінде қалыптасты деп үміттенемін, - деді "Даму" Қорыныӊ басқарма төрағасы Абай Сарқұлов.

Форум барысында "Қызылорда еріктірілері" қорыныӊ мүшелері "Ерекше би" жобасымен қатысушыларды тамсандырды. Бишілер құрамыныӊ теӊ жартысы өзініӊ партиясын мүгедектік арбада отырып орындады.

Форумныӊ екінші бөлімінде ақпараттық-түсіндірме семинары, дөӊгелек үстел мен мүмкіндігі шектеулі табысты кәсіпкер Бақыт Жұмашевтыӊ шеберлік-сағаты өтті.

"Даму" Қоры мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған жобаларды жүзеге асырып келеді. Бизнесін ашуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету түріндегі демеушілік көмек көрсетуге бағытталған "Даму-Көмек" жобасын жүзеге асырған уақыттан бері Қызылорда облысында 170 мүгедек азамат қолдау тапты.

Сондай-ақ, "Даму" Қоры "Казкоммерцбанк" АҚ-ныӊ "Құс Жолы" корпоративті қайырымдылық қорымен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге өз бизнесін дамытуға 300 мыӊ теӊгеге дейінгі қайтарымсыз грант алуға мүмкіндік беретін "Жұлдыздарға қара" - "Посмотри на звезды" жобасын жүзеге асыруда. 2012 жылдан бері қызылордалық кәсіпкерлерге жалпы сомасы 4,9 млн.теӊге болатын 30 грант бөлінген.

Өткен жылы сұранысқа ие, әрі икемделген мамандықтар бойынша оқыту, дайындау, қайта даярлау мен бизнес-жоспар құруды үйретуге бағытталған "Мүмкіндігі шектеулі әйелдердіӊ кәсіпкерлік қабілетін дамыту" бағдарламасы әзірленіп, бағдарлама аясында қызылордалық мүмкіндігі шектеулі 20 әйел арнайы оқудан өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны