01.10.2018, 18:20 4736

Қызылордада ресейлік және қазақстандық сарапшылар "Smart City Қызылорда" тұжырымдамасын талқылады

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы және "Ақылды қала" тұжырымдамасы аясындағы жобалардыӊ жүзеге асу барысы жөнінде облыс әкімініӊ орынбасары Евгений Ким баяндады.

Қызылорда. 1 қазан. Kazakhstan Today - Қызылордада ресейлік және қазақстандық сарапшылар "Smart City Қызылорда" тұжырымдамасын талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"SMART CITY: аймақтыӊ дамуындағы жаӊа мүмкіндіктер" атты Ресей және Қазақстан сарапшылары қатысқан "дөӊгелек үстелде" Мәскеу, Краснодар, Астана қалаларында іске қосылған "Ақылды қала" тұжырымдамасы бойынша цифрландыру және "SMART CITY Қызылорда" тұжырымдамасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Шараны аймақта жақын арада құрылған облыстық цифрлық технологиялар басқармасы ұйымдастырды.

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев атап өткендей, "Экономикада цифрландыруды кеӊінен қолдану бірқатар салаларыныӊ жойылып кетуіне және түбегейлі жаӊаларын құруға әкеледі. Біздіӊ көз алдымызда болып отырған өзгерістер - бұл тарихи шақыртулар әрі ұлт үшін мүмкіндік". Айта кету керек, цифрландыру - біздіӊ өӊірдіӊ дамуында стратегиялық басымдыққа ие. Осы бағыттағы жұмыстарды тиімді үйлестіру мақсатында біз Қызылорда облысыныӊ жеке мемлекеттік органы - цифрлық технологиялар басқармасын құрдық", - деді аймақ басшысы Қ.Көшербаев.

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы және "Ақылды қала" тұжырымдамасы аясындағы жобалардыӊ жүзеге асу барысы жөнінде облыс әкімініӊ орынбасары Евгений Ким баяндады.

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы және "Smart city" тұжырымдамасы бойынша 2018 жылы аймақта 37 жоба жүзеге асуда. Қызылорда облысы "Ақылды басқару" бағытында пилоттық аймақ ретінде таӊдалды. Жоғарыда аталған жобалар 8 бағыт бойынша, оныӊ ішінде 5 негізгі жоба "Smart City" аясында: білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй, көлік және қауіпсіздік салалары бойынша жүзеге асырылатын болады", - деді Евгений Ким.

Сонымен қатар, өнеркәсіп саласын цифрландыру бойынша "Интеллектуалды кен орны" цифрлық технологиясын енгізу бойынша жұмыс басталды. Нәтижесінде мұнай өндіруді 1-2%-ға, күрделі жөндеу мерзімін 700 күнге дейін арттыру, операциялық шығындарды 10%-ға дейін төмендету және басқару шешімдерініӊ тиімділігін 20%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр. Уран өндіру өнеркәсібінде: "Байкен-U" ЖШС кәсіпорны "Қазатомөнеркәсіп-Сайран" ЖШС-ніӊ тазарту цехында дайын бұйымдарды жинау блогыныӊ роботтық кешенін енгізу тәжірибесі бойынша зерттеулер жүргізуде. Роботтық кешенді енгізу қолмен жұмыс істеуден босатып, өнімді тасымалдау-орауға қатысты барлық алгоритмді автоматтандыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Ал, білім беру саласында аймақтағы білім беру мекемелерін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы компьютермен қамту бойынша шаралар қабылданды. Жылдыӊ аяғына дейін барлығы 293 мектеп жоғары жылдамдықты Интернет және Wi-Fi желісімен жабдықталады. Сондай-ақ, аймақтағы 293 білім беру мекемесі "Күнделік" электронды журнал жүйесіне қосылған.

Денсаулық сақтау саласы бойынша өӊірдегі 80 пайыз медициналық мекемелерде кежолақты интернет желісі орнатылған. Медицина мекемелерін "қағазсыз айналымға" көшіру бойынша жұмыс басталды. Тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметті жақсарту мақсатында "Облыстық медициналық орталықта интеграцияланған операциялық жүйені орнату" жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба отаға дайындық уақытын 20%-ға дейін қысқартып, өлім қаупін азайтады, сондай-ақ, жылына 3000-ға дейін операция өткізуге мүмкіндік береді.

Қауіпсіздік секторын цифрландыру шеӊберінде 5 жоба жүзеге асырылатын болады. Қазіргі таӊда ІІД жедел басқару орталығында 272 бейнебақылау камерасы және 8 жол қозғалысы ережесі бұзылуын тіркейтін жүйе жұмыс істейді. 2022 жылдыӊ соӊына дейін Қызылорда қаласында 3200 бейне камераны орнату және 31 жол қозғалысы ережелері бұзылуын тіркейтін жүйені іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ, Қызылорда облысы 112 (112-ге ұқсас) Бірыӊғай диспетчерлік қызметін іске асыру үшін пилоттық аймақ ретінде таӊдалды.

Ауыл шаруашылығында азық-түлік тауарлары саудасын жүйелеу мақсатында "Агробиржа" жобасы іске асырылуда. Осы жобаны жүзеге асыру ауыл шаруашылығы саласындағы тауар өндірушілерініӊ кемінде 30%-ын электронды сауда-саттық жүйесіне тартуға, азық-түлік бағасын кем дегенде 10% тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта "Автоматтандырылған жылыжай құрылысы" жобасын іске қосу жоспарлануда.

Ауылшаруашылығында 2018 жылы жоспарланған өнім 600 тонна болса, одан кейінгі жылдары 900 тоннаны құрайтын болады. Сонымен қатар, ветеринардыӊ жұмыс жүктемесін 25% -ға төмендету және еӊбек шығындарын 40% төмендету үшін "Mobi-Vet" жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Шиелі ауданыныӊ "Ақмая" шаруа қожалығыныӊ жұмысын, оныӊ шегірткелермен күресте дронды пайдалану тәжірибесін арнайы атап өткен жөн.

Кәсіпкерлік саласында 2017 жылдыӊ 30 қаӊтарында "Кәсіпкерлер орталығы" құрылған болатын. Қазіргі таӊда аталмыш орталық "бір терезе" қағидаты бойынша кәсіпкерлерге 40-тан астам қызмет түрін көрсетеді. Орталықтағы барлық қызметтер ақысыз ұсынылады.

Сондай-ақ, жер учаскесін жалға беру-сату құқығын тапсыру үшін сауда-саттық процесін автоматтандыру бойынша "Жер учаскелерініӊ онлайн-аукционы" жүйесі құрылды.

Жиын барысында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясыныӊ профессоры Дмитрий Киселев цифрландыру жобаларын әзірлеу және енгізу тәжірибесімен бөліссе, "Аэрогеоматика" компаниясыныӊ бас директоры Сергей Мищенко цифрлық технологиялар көмегімен Краснодар бюджетін жылына жарты миллиард рубльге дейін қалай ұлғайтқанын айтты.

Мәскеу ақпараттық технологиялар департаментініӊ "Ақпараттық қала" ММ басшысыныӊ орынбасары Алексей Щегольцов "Ақылды қала - өсу мен даму стратегиясы" атты баяндамасында РФ астанасындағы "ақылды қала" жобасыныӊ даму кезеӊдерімен таныстырды. Айта кетейік, жақында БҰҰ рейтингісінде Мәскеу электрондық үкімет бойынша бірінші орынға ие болды.

"2011 жылы қол жетімді қызметтер мен мүмкіндіктерді бірыӊғай дерекқорға жинай бастағанда қиындау болды. Бұған дейін мемлекеттік органдардыӊ ақпараттандыру саласындағы бірыӊғай саясаты болмағандықтан, көптеген мәліметтер қайталануы орын алды. "Біздіӊ қала" және "Ашық деректер" порталдарын құру азаматтарға әртүрлі саладағы мәселелері бойынша шағымдарын қалдыруға және ақпарат алуға мүмкіндік берді. Бірақ уақыт өте келе бағдарлама тұрғындардыӊ барлық қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтыны анықталды. Осылайша деректерді жоғары деӊгейдегі шаралардан бастап нақты оқиғаларға дейін біріктіруге мүмкіндік беретін "Ақылды қала" стратегиясы әзірленді. Барлық салалық бағыттар белгілі бір құрылыммен нақты блокқа толтырылды. Өткенге көз жіберіп, істелген жұмыстарымызды бағалаймыз және әлі де атқарылар жұмыстардыӊ көп екенін түсінеміз", - деді Алексей Щегольцов.

Сарапшылардыӊ баяндамасынан соӊ тақырып бойынша сұрақ-жауап аясында талқылаулар болды.

Еске салайық, қазіргі таӊда аймақта смарт-менеджмент, білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй, көлік, қауіпсіздік және бизнес саласында 30-дан астам жоба жүзеге асырылуда. Қызылорда облысы "Ақылды басқару" бағытында пилоттық аймақ ретінде таӊдалды. Оныӊ шеӊберінде жаӊа кіші жүйелерге арналған "Ситуациялық орталықтыӊ ақпараттық-талдау жүйесін дамыту" жобасы іске асырылып жатыр. Сонымен қатар, дарынды жастарды қолдау үшін техникалық лабораториялар мен коворкинг орталығыныӊ қызметтерін көрсету, ІТ-стартап-жобаларын және бизнес-инкубаторды дамыту мақсатында Қызылорда қаласында "ІТ паркі" құрылды.

Сондай-ақ, 2017 жылы желтоқсанда Қызылорда облысында "HackDay2017" жас IT-мамандарыныӊ алғашқы аймақтық фестивалі өтті. Халықаралық тәжірибені зерделеу үшін аймақ делегациясы Татарстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасыныӊ Smart City жобасы аясындағы заманауи нысандарын аралады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны